"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 184 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 21 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5798 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 141 бұйрығы.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.01 N 141 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 832 Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің индустриалық-инновациялық саясатты іске асырудағы оның үйлестіруші рөлін күшейту жөніндегі кейбір мәселері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 1099 қаулысына сәйкес және бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5429 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушысының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 26 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5587 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрдің міндетін атқарушысының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 90 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 30 сәуірде N 5657 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
      01 "Тұрғын үй шаруашылығы" кіші функциясында:
      002 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру", 004 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері", 025 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламалары бар бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 008, 009, 011 бюджеттік бағдарламалары бар 619 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "619 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
      008 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру
      009 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері
      011 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері";
      02 "Коммуналдық шаруашылық" кіші функциясында:
      004 "Cыртқы қарыздар есебiнен", 005 "Ішкі көздерінің есебінен", 016 "Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен" бюджеттік кіші бағдарламаларымен 024 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламалары және 028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықты дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері", 037 "Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер", 088 "Алматы облысының бюджетіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыруға берілетін нысаналы даму трансферттері", 118 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеуге және елді-мекендерді көркейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер", 119 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және елді-мекендерді көркейтуге берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламалары бар бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" алынып тасталсын;
      371 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 028 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "028 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру";
      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік бағдарламасы бар 619 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "619 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
      005 Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      мынадай мазмұндағы 004, 005, 016 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 010 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "010 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері
      004 Cыртқы қарыздар есебiнен
      005 Ішкі көздерінің есебінен
      016 Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";
      мынадай мазмұндағы 012, 015, 118, 119 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "012 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық шаруашылықты дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері
      015 Алматы облысының бюджетіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыруға берілетін нысаналы даму трансферттері
      118 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеуге және елді-мекендерді көркейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
      119 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және елді-мекендерді көркейтуге берілетін нысаналы даму трансферттері";
      03 "Елді-мекендерді көркейту" кіші функциясында:
      029 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалар мен елді мекендерді көркейтуге берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасы бар 233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламасы бар 619 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "619 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
      013 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалар мен елді мекендерді көркейтуді дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері";
      11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:
      02 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" кіші функциясында:
      005 "Құрылыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер", 014 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру", 084 "Алматы қаласының бюджетіне Алматы қаласы маңындағы аймақтың Бас жоспарын әзірлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламалары бар 233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 002, 003, 006 бюджеттік бағдарламалары бар 619 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "619 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
      002 Құрылыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер
      003 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру
      006 Алматы қаласының бюджетіне Алматы қаласының маңындағы аймақтың Бас жоспарын әзірлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      09 "Басқалар" кіші функциясында:
      220 "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 028 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "028 Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы мүддесіне өкілдік етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ елдері арасында ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу";
      233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 066 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "066 Инновациялық-индустриялық инфрақұрылымды дамытуға заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайту";
      "087 Астана қаласының бюджетіне үлескерлер қатысқан аяқталмаған тұрғын үй объектілерін салуға қатысу үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 001, 014 бюджеттік бағдарламалары бар 619 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      "619 Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
      001 Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер
      014 Астана қаласының бюджетіне үлескерлер қатысқан аяқталмаған тұрғын үй объектілерін салуға қатысу үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері";
      мынадай мазмұндағы 022, 023 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 100 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      022 Резервінің есебінен іс-шаралар
      023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер";
      мынадай мазмұндағы 101, 105 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу
      105 Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау";
      мынадай мазмұндағы 022, 023 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 109 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      022 Резервінің есебінен іс-шаралар
      023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер";
      мынадай мазмұндағы 114 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау";
      шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
      1 "Ағымдағы шығындар" санатында:
      2 "Сыйақылар (мүдделер) төлеу" сыныбында:
      210 "Ішкі қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) төлемдері" ішкі сыныбында:
      211 "Ішкі қарыздары бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу" ерекшелігінің атауында "Ішкi" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасы Үкіметінің" деген cөздермен толықтырылсын;
      213 "Тәуекелдерді басқару операциялар бойынша сыйақыларды (мүдделерді) төлеу" ерекшелігі алынып тасталсын;
      3 "Ағымдағы трансферттер" сыныбында:
      350 "Шетелге берілетін ағымдағы трансферттер" ішкі сыныбында:
      351 "Шетелдегі ұйымдарға ағымдағы трансферттер" ерекшелігі бойынша "ұйымдарға" деген сөз алынып тасталсын;
      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшасында:
      140 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" ішкі сыныбында:
      "Анықтама" бағанында 149 "Өзге де қызметтер мен жұмыстар" ерекшелігі бойынша:
      "ғимараттар мен үй-жайларды ағымдағы жөндеу" деген сөздерден кейін "республикалық немесе коммуналдық меншіктегі жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін," деген сөздермен толықтырылсын;
      157 "Ерекше шығындар" ерекшелігі бойынша "Шығындардың тізбесі" бағаны:
      "Мемлекеттік құпиялар, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, елдің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген міндеттер мен өкілеттіктерге сәйкес мемлекеттік органдар іске асыратын іс-шараларға арналған шығындар." деген сөздермен толықтырылсын;
      460 "Ел ішіндегі күрделі трансферттер" ішкі сыныбы бойынша:
      461 "Заңды тұлғаларға берілетін күрделі трансферттер" ерекшелігі бойынша "Анықтама" бағанында "Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін" деген сөздерден кейін ",республикалық немесе коммуналдық меншіктегі ғимараттарды, құрылыстарды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін" деген сөздермен толықтырылсын;
      460 "Ел ішіндегі күрделі трансферттер" ішкі сыныбы бойынша:
      461 "Заңды тұлғаларға берілетін күрделі трансферттер" ерекшелігі бойынша "Анықтама" бағанында "Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін" деген сөздерден кейін ", ғимараттар, құрылыстарды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін" деген сөздермен толықтырылсын;
      2. Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы департаменті (Б. Бабажанова) Заң департаментімен (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады