Негіздемелік келісімнің XII бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе олардың атынан басқалардың Қазақстан Республикасында сатып алынатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату өтінішінің нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 426 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5809 болып енгізілді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 1336 қаулысымен бекітілген 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып-жоятын қару-жарақтар таралуына жол бермеуге қатысты келісімнің (бұдан әрі - Негіздемелік келісім) XII бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе олардың атынан басқалардың Қазақстан Республикасында сатып алынатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату ережесінің 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Негіздемелік келісімнің XII бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе олардың атынан басқалардың Қазақстан Республикасында сатып алынатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату өтінішінің қосылған нысанын бекіту.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                              Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
N 426 бұйрығына қосымша

Негіздемелік келісімнің ХІІ бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалардың Қазақстан Республикасында сатып алған материалдық-техникалық құралдар мен көрсетілетін қызметтердің құнын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босатуға өтініш

(қағаз мәтіннен қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады