"Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 203 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5817 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 141 бұйрығы.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.04.01 N 141 бұйрығымен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 26-бабының 34-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5429 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 26 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5587 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 90 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5657 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетiлген бұйрықтың 1-қосымшасында:
      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
      2 "Салықтық емес түсімдер" санатында:
      04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:
      1 "Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер" ішкі сыныбында:
      10 "Табиғатты пайдаланушылардан келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша алынған қаражат, аңшылықтың және балық аулаудың тәркіленген құралдарын, заңсыз олжаланған өнімдерді сатудан түскен қаражат" ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "10 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, табиғатты пайдаланушылардан келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша алынған қаражат, сондай-ақ аңшылықтың және балық аулаудың тәркіленген құралдарын, заңсыз олжаланған өнімдерді сатудан түскен қаражат";
      2 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы 03 ерекшелігімен толықтырылсын:
      "03 Мұнай секторы ұйымдары келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат";
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      барлық мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі" деген сөздер өзгеріссіз қалдырылсын;
      4 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
      01 "Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламасы бар 471 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "471 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      003 Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету";
      02 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 004 бюджеттік бағдарламасы және 101, 102 мен 105 кіші бағдарламалары бар 471 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "471 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      004 Жалпы білім беру
      101 Мектеп-интернаттар
      102 Жалпы білім беретін кешкі (ауысымдық) мектептер
      105 Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептер, гимназиялар, лицейлер, бейіндік мектептер, мектеп-балабақшалар";
      мынадай мазмұндағы 005 және 006 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "005 Балалар үшін қосымша білім беру
      006 Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен білім берудің мемлекеттік жүйесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу";
      04 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 007 бюджеттік бағдарламасы бар 471 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "471 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      007 Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру";
      09 "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 008, 009, 010 және 011 бағдарламалары бар 471 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "471 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      008 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру
      009 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу
      010 Аудандық (қалалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу
      011 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелеріне жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін гранттарды табыс ету";
      мынадай мазмұндағы 027, 028 және 029 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 016 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "016 Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде білім беру объектілерін күрделі, ағымды жөндеу
      027 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      028 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      029 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет қаражаты есебінен";
      мынадай мазмұндағы 037 бюджеттік бағдарламасы және 011 мен 015 кіші бағдарламалары бар 472 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
      037 Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      6 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:
      02 "Әлеуметтiк көмек" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламасы және 100 кіші бағдарламасы бар 471 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "471 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      012 Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанының оқушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау
      100 Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру";
      7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:
      01 "Тұрғын үй шаруашылығы" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламасы және 011, 013 мен 015 кіші бағдарламалары бар 472 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
      003 Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы және (немесе) сатып алу
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      013 Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      мынадай мазмұндағы 004 бюджеттік бағдарлама және 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      "004 Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      мынадай мазмұндағы 019 бюджеттік бағдарлама және 013, 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      "019 Тұрғын үй салу және (немесе) сатып алу";
      013 Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      02 "Коммуналдық шаруашылық" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік бағдарламасы және 011 мен 015 кіші бағдарламалары бар 472 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
      005 Коммуналдық шаруашылығын дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      мынадай мазмұндағы 006 бюджеттік бағдарлама және 011, 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      "006 Сумен жабдықтау жүйесін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      мынадай мазмұндағы 014 бюджеттік бағдарлама және 027, 028 мен 029 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      "014 Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
      027 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      028 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      029 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет қаражаты есебінен";
      03 "Елді-мекендерді көркейту" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 007 бюджеттік бағдарламасы және 011 мен 015 кіші бағдарламалары бар 472 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
      007 Қаланы және елді мекендерді көркейтуді дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:
      01 "Мәдениет саласындағы қызмет" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 011 бюджеттік бағдарламасы және 011 мен 015 кіші бағдарламалары бар 472 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
      011 Мәдениет объектілерін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      02 "Спорт" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 013, 014 және 015 бюджеттік бағдарламалары бар 471 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "471 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      013 Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту
      014 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу
      015 Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы";
      мынадай мазмұндағы 008 бюджеттік бағдарламасы және 011 мен 015 кіші бағдарламалары бар 472 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
      008 Спорт объектілерін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      09 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік бағдарламасы және 027, 028 мен 029 кіші бағдарламалары бар 471 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "471 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      017 Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде спорт объектілерін күрделі, ағымды жөндеу
      027 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      028 Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      029 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет қаражаты есебінен";
      9 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:
      09 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 009 бюджеттік бағдарламасы және 011 мен 015 кіші бағдарламалары бар 472 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
      009 Жылу-энергетикалық жүйені дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:
      01 "Ауыл шаруашылығы" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 010 бюджеттік бағдарламасы бар 472 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
      010 Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту";
      02 "Су шаруашылығы" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламасы және 011 мен 015 кіші бағдарламалары бар 472 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
      012 Сумен жабдықтау жүйесін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";
      11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:
      02 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы және 003, 007, 008 мен 009 кіші бағдарламалары бар 472 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
      001 Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету
      003 Жергілікті органдардың аппараттары
      007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
      008 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары және құрылыстарын күрделі жөндеу
      009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру";
      мынадай мазмұндағы 002, 013, 100, 106, 107, 108, 109 және 115 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "002 Ақпараттық жүйелер құру
      013 Аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, аудандық (облыстық) маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау";
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      09 "Басқалар" кiшi функциясында:
      мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы және 003, 007, 008 және 009 кіші бағдарламалары бар 471 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
      "471 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
      001 Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі қызметін қамтамасыз ету
      003 Жергілікті органдардың аппараттары
      007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
      008 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары және құрылыстарын күрделі жөндеу
      009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру";
      мынадай мазмұндағы 002, 100, 106, 107, 108, 109 және 115 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      "002 Ақпараттық жүйелер құру
      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оларға сараптама жасау
      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
      115 Жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау".
      2. Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы департаменті (Б. Бабажанова) Заң департаментімен (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады