Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.30 № 184 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3228 болып тіркелген) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы N 305 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 69 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4118 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы N 185 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4794 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы N 327 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5064 болып тіркелген, (2008 жылғы 25 қаңтардағы N 12 (1238) "Заң газеті" газетінде жарияланған) бұйрығымен енгізілген толықтырулар және өзгерістермен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелерiнде сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 20 күннен кешіктірмей, ал өзге негіздер бойынша босатылу кезінде, босатылғаннан кейін бір жұмыс күнінің ішінде оның таңдаған мекен-жайы бойынша қалалық (аудандық) ішкі істер органдарына хабарлама (10-қосымша) жіберіледі.".
10-қосымшада:
"босатылатын", "босатылады" деген сөздерден кейін тиісінше "(босатылған)" және ", босатылды" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Р. Түсіпбеков
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
_________________ Қ. Мәми
2009 жылғы 28 қыркүйек