Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы N 185 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 10 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4794 болып енгізілді.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 наурыздағы  Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы  N 151 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде N 1715 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық аппарат және өзге мемлекеттік органдар Жарғысында 2002 жылғы N 13-14 566-бабында жарияланған), Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы  N 35 "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 151 "Сотталғандарды
қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" N 1715 болып тіркелген бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік
құқықтық актілер Бюллетені", 2005 ж. N 14, 64-құжатта жарияланған, 2005 жылғы 31 наурыздағы  N 100 "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 151 "Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны орындау жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені", 2005 ж. N 14, 63-құжатта жарияланған, бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауды атқару жөніндегі  нұсқаулықта :

      7-тармақта "инспекцияның" деген сөз "Инспекцияның" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9-тармақта:
      (бұдан әрi - ҚАЖК)" деген сөздер алып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "(бұдан әрi - ҚАЖ комитеті)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "(бөлімдер)" деген сөз алып тасталсын;
      "Басқармалары" деген сөзден кейін "басшылық ету жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақта "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздер "ҚАЖ комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшада "инспекциялар" деген сөз "Инспекциялар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
ҚАЖК" деген сөздер "ҚАЖ комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада "Инспекция" деген сөзден кейін "ІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесе" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақта:
      3) тармақша мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Тоқсан сайын аумақтық құжаттандыру және тіркеу бөлімдерімен қойылған және алынып тасталған күзет карточкалары бойынша тоқсан сайын салыстырып тексеру жүргізеді.
      Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдарды есепке қойғаннан кейін 5 жұмыс күн ішінде аумақтық АЕ және ҚЕКБ алфавиттік (Ф-1) есептік карточкаларын жолдайды. Есепте тұрған адамдар жазадан немесе оған қатысты үкімнің өзгеруіне,
сонымен қатар заңнамамен көзделген басқа да негіздемелермен босаған жағдайда 5 жұмыс күн ағымында аумақтық АЕ және ҚЕКБ сотталғанды есептен шығару негіздемесі туралы толық мәліметтерді көрсетіп сотталған туралы хабарлама жолдайды.";
      5) тармақшада "ұсыным" және "қылмыстық-атқару инспекциялары" деген сөздер тиісінше ", қолдаухат" және "Инспекциялары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) Сотталған заңмен белгіленген жаза мерзімінің бір бөлігін өтеген жағдайда Инспекция, жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға бір ай мерзімде ұсыныс қолдаухатын (41-қосымша) шығаруға немесе бас тартуға мәселені қарауға міндетті, ол кейіннен сотқа енгізу үшін прокурорға жіберіледі.
      Жазасын өтеу мерзімінің заңмен белгіленген бір бөлігін өтеген сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі туралы жәбірленушіні не оның өкілін үкім шығарған сот берген мекен-жай бойынша пошта арқылы Инспекция тапсырыс хатпен (40-қосымша) хабардар етеді.";

      14-тармақта:
      2) тармақшада:
      "мерзiмдiк-бақылау карточкасын" және "7 қосымша" деген сөздер алып тасталсын;
      "әскери комиссариатқа" және "учаскелік полиция инспекторы атына жазылған рапорттың көшiрмесi" деген сөздер тиісінше "жергілікті әскери басқару органына" және "ІІО хабарлама, учаскелік полиция инспекторларының баянаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта "әскери комиссариатқа" деген сөздер "жергілікті әскери басқару органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақ мынадай мазмұнда екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Кәмелетке толмаған сотталғанды есепке қойған кезде Инспекцияның инспекторы ата-аналары қатысуымен бастапқы сұхбат жүргізу барысында оған қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеудiң тәртiбi мен шарттарын түсiндiреді, оның сауалнамалық
деректерi, жақын туыстары және сотталғандарға ықпал ету мүмкiншілігі бар тұлғалар туралы мәлімет, сондай-ақ оның жүрiс-тұрысын бақылау үшiн қажеттi басқа да мәселелер анықталады. Сұхбат өткiзiлгеннен кейiн сотталған адамнан қолхат (11-қосымша) алынып, сұхбат нәтижелері туралы анықтама жазылады, олар жеке iсiне тiгiледі.";

      17-тармақта 2) тармақшада "қылмыстық-атқару инспекциямен" деген сөздер "Инспекциямен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      27-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Кәмелеттік жасқа толмаған сотталғанның қоғамдық жұмыс уақыты күніне екі сағаттан аспауы тиіс.";

      36-тармақтың 3) тармақшасында "ай сайын" деген сөздер "әр он күн сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39-тармақта "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      45-тармақта "қылмыстық-атқару инспекциясына" деген сөздер алып тасталсын;

      51-тармақта бірінші азат жол алып тасталсын;

      52-тармақта "әскери комиссариатқа" деген сөздер "жергілікті әскери басқару органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "59. Сотталғанның тұрғылықты жерiн өзгерту, басқа тұрғылықты жерге көшу мүмкiндiгi туралы жолыққанда Инспекция қызметкерлері тиісті Инспекцияға сұрау жолдайды және растау қағазын алғаннан кейін жеке ісін жолдайды. Жаңа тұрғылықты жері бойынша инспекциясы жеке істі алғаннан кейін жеке істі алғандары және есепке қою туралы хабарлама жолдайды, бұл бұрыңғы тұрғылықты жері бойынша сотталғанды Инспекция есебінен алып тастауға негіздеме болады.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "87. Сотталған заңмен белгіленген жаза мерзімінің нақты бір бөлігін өтегеннен кейін, Инспекция осы Нұсқаулықтың 11-тармағы 9) тармақшасына сәйкес ұсыныс және қолдаухат шығарады.";

      88-тармақта:
      "ұсыныста" деген сөзден кейін "және қолдаухатта" деген сөздермен толықтырылсын;
      "жасаған iсiне көзқарасын" деген сөздерден кейін "тәрбиелік іс-шараларға қатысатын және жәбірленушінің денсаулығына және мүлкіне келтірген залалды, мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеу бойынша шаралар қолдану" деген сөздермен толықтырылсын;

      89-тармақта "сотқа ұсыным" деген сөздер "кейіннен сотқа енгізу үшін прокурорға ұсыныспен қолдаухат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      92-тармақта "шалғай жерде тұратын" деген сөздер алып тасталсын;

      101-тармақта:
      4) тармақшада "инспекцияның" деген сөз "Инспекцияның" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын;
      "Орналасқан жері үш күннен астам уақыт ішінде анықталмаған сотталған жазаны өтеуден жалтарған деп танылады";

      103-тармақта "түзеу жұмыстарына" деген сөздерден кейін "бас бостандығын шектеуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      105-тармақта "қылмыстық-атқару инспекциясына" деген сөздер "Инспекциясына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      106-тармақта екінші азат жол алып тасталсын;

      108-тармақта 3) тармақшада "оның еңбек кiтапшасында сот үкiмiне сәйкес келетiн жазбаның болуы" деген сөздер және "Сотталғанның еңбек кiтапшасында - жазба болмаған жағдайда Инспекция оны енгiзуге шаралар қолданады" деген сөйлем алып тасталсын;

      109-тармақта "коммерциялық немесе өзге де" деген сөздер алып тасталсын;

      111-тармақта "коммерциялық немесе өзге де" деген сөздер алып тасталсын;

      113-тармақта "әскери комиссариатқа" деген сөздер "жергілікті әскери басқару органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      117-тармақ мынадай мазмұнды екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сот үкімінің (қаулының, ұйғарымның) көшірмелерінде жазаны орындауға кедергі келтіретін түсінбеушіліктер, қателер кедергі кездескен жағдайда, Инспекция дер кезінде үкімді (қаулыны, ұйғарымды) шығарған соттан келіп түскен материалдар қоса берілетін
тиісті сұрауды жібереді.";

      118-тармақта "әскери комиссариатқа" деген сөздер "жергілікті әскери басқару органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "123. Шартты сотталғандардың қоғамдық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыруға ішкі істер органдарының қызметкерлері тартылады.";

      126-тармақта "шалғай ауданда тұратын" деген сөздер алып тасталсын;

      128-тармақта "әскери комиссариатқа" деген сөздер "жергілікті әскери басқару органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      129-тармақта "инспекция" деген сөз "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;

      130-тармақта:
      1) тармақшада "тоқсан сайын" деген сөздер "ай сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада "Жүйелi түрде (тоқсанында кемiнде бiр рет)" деген сөздер "ай сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      132-тармақ алып тасталсын;

      133-тармақта "инспекция" деген сөз "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;

      136-тармақта:
      ", күзет карточкаларына" деген сөздер "карточкаға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жұмыс iстейтiн ұйым" деген сөздерден кейін ", құжаттандыру және тіркеу бөліміне" деген сөздермен толықтырылсын;

      137-тармақта "бастығы" деген сөзден кейін "(аға инспектор, инспектор)" деген сөздермен толықтырылсын;

      140-тармақта "инспекция" деген сөз "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;

      141-тармақта "инспекция" деген сөз "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;

      150-тармақта "инспекция" деген сөз "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;

      152-тармақтың 1) тармақшасында "тоқсан сайын" деген сөздер "ай сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      158-тармақта "Бала он төрт жасқа толған кезде" деген сөздер "сот үкімінде көрсетілген кейінге қалдыру мерзімі біткеннен кейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      162-тармақта "қалалық, аудандық әскери комиссариатқа" деген сөздер "жергілікті әскери басқару органына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      167-тармақта "инспекция", "инспекция", "инспекциясы", "инспекцияға" деген сөздер "Инспекция", "Инспекция", "Инспекциясы", "Инспекцияға" деген сөздермен тиісінше ауыстырылсын;

      168-тармақта 6) тармақшада "инспекцияға" деген сөз "Инспекцияға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      169-тармақта:
      "аға инспекторды, инспекторды" деген сөздер "аға инспектор, инспектор" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "инспекция" деген сөз "Инспекция" деген сөзбен ауыстырылсын;

      170-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "170. Сотталған жүктi әйел және жас балалары бар әйелдер босатылған күнiнен бастап екi апта мерзiмде, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығын айыру бас бостандығын шектеуге ауыстырғаннан кейін түзеу мекемесі әкімшілігімен белгілеген мерзімде келмеген жағдайда
Инспекция белгiлеген тәртiпте iздеу жариялайды.";

      171-тармақта 2) тармақшада "әскери комиссариат" деген сөздер "жергілікті әскери басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      174-тармақ алып тасталсын;

      175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "175. Егер бастапқы iздестiру шаралары нәтижесiнде сотталғанның орналасқан жерi анықталмаса, Инспекция сотқа іздеу жариялау туралы ұсыным (1-қосымша) жасайды. Сотталғанның орналасқан жері анықталғаннан кейін сот үкiмiмен тағайындалған шартты түрдегi
жазаны, жаза өтеудi кейiнге қалдыру, қоғам және түзеу жұмыстарын алмастырып бас бостандығын шектеуге, қамауға, бас бостандығынан айыруға, бас бостандығын шектеуді, бас бостандығынан айыру туралы бастапқы іздестіру шараларының материалдар көшірмелерімен сотқа
ұсыным енгізіледі";

      176-тармақта "материал" деген сөз "материалдар көшірмелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      177-тармақ алып тасталсын;

      6-қосымшада "кейінге қалдыру," деген сөздерден кейін "бас бостандығын шектеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-қосымшада "қоғамдық жұмыстар" деген сөздер "бас бостандығын шектеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-қосымшада "Әскери комиссариат" және "(ҚАӘК атауы)" деген сөздер "Жергілікті әскери басқару органы" және "ЖӘБО атауы" деген сөздермен тиісінше ауыстырылсын;

      14-қосымшада:
      кестенің 8 бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы қолдаухат жолдау күні";

      26-қосымшада үшінші абзац алып тасталсын;

      35-қосымшада "Әскери комиссариат" және "(қала, аудан атауы)" деген сөздер тиісінше "Жергілікті әскери басқару органы" және "ЖӘБО атауы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36-қосымшада "Көші-қон қызметінің бастығы" және "атағы" деген сөздер "Әділет басқармасының құжаттандыру және тіркеу бөлімі бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы бұйрықтың  1-қосымшасына сәйкес 40-қосымшамен толықтырылсын;
      осы бұйрықтың  2-қосымшасына сәйкес 41-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелері арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11
желтоқсандағы N 150  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуінде N 1719 тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдар Жарғысында 2002 ж. N 13-14, 567-құжат), Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006
жылғы 11 қазандағы  N 264 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелері арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 150 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелері арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі  нұсқаулықта :
      103-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Шет ел азаматы қайтыс болған жағдайда түзеу мекемесінің әкімшілігі кешіктірмей Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлауы
тиіс. Одан басқа, бас бостандығынан айыру орындарында заңдылықтың қолданылуына қадағалау жасайтын прокурорға, сондай-ақ елшілікке немесе қайтыс болған азамат сол елдің азаматы болып табылатын өзге мемлекеттің өкіліне хабарлайды.";

      3. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.30 № 184 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әділет министрі

       "Келісілген"
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры
      2007 жыл 21 маусым

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Әділет министрінің
                                          2007 жылғы 21 маусымдағы
                                          N 185 бұйрығына 1-қосымша

                                           Сотталғандарды қоғамнан
                                          оқшаулауға байланысты емес
                                           жазаны орындау жөніндегі
                                            нұсқаулыққа 40-қосымша

      Мөртаңба орны                              ______________
                                                     (кімге)

                           Хабарлама

       Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің_____________________облысы бойынша басқармасының
___________________________________________________қылмыстық-атқару
инспекциясында__________________________ ____________________________
__________________________________________________________негізінде
                   (құжаттың атауы)
сотталған___________________________________________________________
__________________________________________________________есепте тұр
   (сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, жаза түрі)
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 70-бабының 1, 3
бөлімдеріне сәйкес сотталғанмен нақты______жаза мерзімін өтегеннен
кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылуы мүмкін, яғни
20__ жылдың "___"__________.
      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 169-бабының
9 тармағына сәйкес Сізді, оның шартты түрде мерзімінен бұрын
(мерзімінен бұрын) босатылып шығу мүмкіндігін хабарлаймыз.
      Қарау орны және күні туралы Сізге сот қосымша хабарлайды.

      Инспекция бастығы (аға инспектор, инспектор)__________________
____________________________________________________________________
                       (атағы, Т.А.Ә. қолы)

200__ж. _______________

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Әділет министрінің
                                          2007 жылғы 21 маусымдағы
                                          N 185 бұйрығына 2-қосымша

                                           Сотталғандарды қоғамнан
                                          оқшаулауға байланысты емес
                                           жазаны орындау жөніндегі
                                            нұсқаулыққа 41-қосымша

                                    ______________________ прокуроры
                                     (қаласының, ауданының)

                                    ______________________
                                        (атағы, аты-жөні)

                        Қолдаухат

Мен,________________________________________________________________
                (лауазымы, атағы, аты-жөні)
____________________________________________________________________
                    (аумақтық органның атауы)
ҚР ҚК___ бабы бойынша ______________________________________________
                         (жаза түрі, мерзімі)
____________________________________________________________________
                            (сот атауы)
200_ ж. _________"__" сотталған_____________________________________
____________________________________________________________________
             (аты-жөні, туған жылы және жері)
Қылмыстық-атқару инспекцияның есебінде "__" __________ 200___ж. тұр.
____________________________________________________________________
           (шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға
____________________________________________________________________
қолдаухатында қолдаухат шығару мезетінде жазаның өтелген және
өтелмеген мерзімдері, ____________________________________________________________________
сотталғанның жеке басын мінездейтін мәліметтер баяндалады,оның
мінез-құлқы, тыйымдар мен
____________________________________________________________________
міндеттерді орындауы, мемлекетке материалдық залал, жәбірленушінің
мүлкіне және
____________________________________________________________________
денсаулығына келтірілген залалды өтеуі көрсетіледі.)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Жоғарыда айтылған жәйттардың негізінде және Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің___________басшылыққа ала отырып,
                             (ҚР ҚК-нің бабы көрсетіледі)

сотталған __________________________________________________________
           (сотталғанның аты-жөні, туған жылы)
____________________________________________________________________
      шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға
____________________________________________________________________

      мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін материалды жолдау орынды
деп есептеймін.

      Қосымша ___ беттік.

      200_ ж. "__"______. __________  ___________________
                             (қолы)        (аты-жөні)

                                       Қазақстан Республикасы
                                          Әділет министрінің
                                       2007 жылғы 21 маусымдағы
                                       N 185 бұйрығына 3-қосымша

                                     Қазақстан Республикасы Әділет
                                    министрлігі түзеу мекемелерінде
                                  ұсталынатын сотталғандармен тәрбие
                                      жұмысын ұйымдастыру туралы
                                         нұсқаулыққа 14-қосымша

      Мекеменің
      мөртаңбасы                             __________________
                                                  (кімге)

                           Хабарлама
 
        Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару
жүйесі комитетінің______________________облысы бойынша басқармасының
__________________________________________________түзеу мекемесінде
__________________________________________________________негізінде
                       (құжаттың атауы)
сотталған_________________________________________жазасын өтеп жатыр
    (сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы)
     Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 70-бабының 3
бөліміне сәйкес сотталғанмен нақты ______ жаза мерзімін өтегеннен
кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатулы қолданылуы мүмкін яғни
20__ жылдың "___"__________.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 169-бабының
9-тармағына сәйкес Сізді оның шартты түрде мерзімінен бұрын
босатылып шығу мүмкіндігін хабарлаймыз.
      Қарау орны және күні туралы Сізге сот қосымша хабарлайды.

      Мекеме бастығы _______________________________________________
                                   (Т.А.Ә. қолы)
_________________ 200__ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады