Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына кассалық операцияларды жүргізу кезінде автоматтандырылған кассаны қолдану және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді, жайластыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 65 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5843 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 № 231 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кассалық операциялар жүргізу тәртібін айқындайтын және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына кассалық операцияларды жүргізу кезінде автоматтандырылған кассаны қолдану және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Шегенов Ғ.Б.)

      1) Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалардың бірлестігіне және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын


реттеу мен қадағалау агенттігі


Төрайым Бахмутова Е.Л.


2009 жылғы 14 тамыз


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Төтенше жағдайлар министрлігі


Министр Божко В.К.


2008 жылғы 3 қыркүйек


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрлігі


Министр Баймағанбетов С.Н.


2008 жылғы 29 қыркүйек



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 24 шілдедегі
N 65 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулыларының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1482 тіркелген, 2001 жылғы 23 сәуір - 6 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми басылымы "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысында" жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4048 тіркелген, 2006 жылғы 17 ақпанда N 28-29 (835) "Заң газеті" газетінде жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5483 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 94 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесінде:

      11-тармақта:

      23) тармақшадағы "." деген белгі ";" деген белгімен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

      "24) автоматтандырылған касса - автоматтандырылған басқару құрылғыларын және бағдарламалық қамтамасыз ету пайдалана отырып қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және беру бойынша электрондық-механикалық жабдық.";

      76-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші және үшінші сөйлемдермен толықтырылсын:

      "Бір күнгі кассалық айналымдар туралы есепті қалыптастыруды орындайтын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланған кезде есептеу лентасы қолданылмайды. Бұл жағдайда папкаға кассалық құжаттардың алдында бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен қалыптастырылған есеп тігіледі."

      125-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Инкассаторларға келесі күні беру үшін алдын ала дайындалған, қолма-қол ақша салынған касеталар қоймада қолма-қол ақшадан бөлек сақталуы тиіс";

      130-тармақтың екінші бөлігінің үшінші сөйлемі алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 15-1-тараумен толықтырылсын:

"15-1-тарау. Автоматтандырылған кассамен жұмысты ұйымдастыру және тәртібі

      132-1. Банктер және ұлттық почта операторы кассалық операцияларды осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүргізген кезде автоматтандырылған касса қолданылуы мүмкін.

      132-2. Автоматтандырылған кассамен жұмыс тәртібі, қолма-қол ақшаны толықтыру және инкассациялау, техникалық қызмет көрсету осы Ереженің 15-тарауындағы талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Кассалық операцияларды автоматтандырудың ішкі банктік жүйелерінде автоматтандырылған кассаны қолданған кезде кассалық операцияларды осы Ережеде көзделмеген ұйымдастыру тәртібі банктің ішкі ережесімен анықталады.

      132-3. Автоматтандырылған касса жүргізілген операциялар туралы ақпаратты қағаз тасымалдауышқа басып шығару мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Қағаз тасымалдауышқа басып шығарылған ақпарат чектер (түбіртектер) ретінде пайдаланылады. Автоматтандырылған кассаның чектерінің (түбіртектерінің) нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5526 тіркелген "Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу туралы" 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 117 қаулысында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      132-4. Банк, клиент және инкассация қызметі арасында автоматтандырылған кассаны қолдану кезінде туындайтын дауларды шешу тәртібі банктің ішкі ережесінде белгіленеді.";

      160-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Инкассатор қаптарын (қоржындарын) орау үшін қорғасын және пластик пломбаларды пайдалануға рұқсат етіледі. Пломбаларды пайдалану тәртібі банктің ішкі ережесімен айқындалады.";

      221-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші сөйлемі "төлем құжаттары" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ төлем жасалмайтын және айналымға жарамсыз шетел валютасындағы банкноттар" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Кассир клиенттен төлемге жарамды екендігіне күмән келтіретін шетел валютасындағы банкноттарды және төлем құжаттарын, сондай-ақ төлем жасалмайтын және айналымға жарамсыз шетел валютасындағы банкноттарды қабылдап алып, клиентке өзінің қолы қойылып, мөрмен куәландырылған түбіртекті береді.";

      300-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) төлем құжаттары (чектер, вексельдер) және пластикалық және өзге де карточкалар;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) банкоматтарға арналған қолма-қол ақша салынған касеталар;";

      13-қосымшаның кестесінде

      "

Ақша түсімі салынған қоржынның

Қоржынға салынған ақша сомасы

теңге


      "

      деген бағандар

      "

Қоржынға салынған ақша сомасы

қоржын

N

теңге

қоржын

N

АҚШ доллары

қоржын

N

еуро

қоржын

N

Ресей рублі


      "

      деген бағандармен ауыстырылсын;

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.07.16 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 250 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының өзгертулер
мен толықтырулар енгізілетін
қаулыларының тізбесіне
1-қосымша
"Екінші деңгейдегі банктердің және
банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
үй-жайларын күзету мен жайластыруды
ұйымдастыру жөніндегі талаптарға
2-1-қосымша

Қорытынды

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 250 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаулыларының
тізбесіне 2-қосымша
"Екінші деңгейдегі банктердің және
банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
үй-жайларын күзету мен жайластыруды
ұйымдастыру жөніндегі талаптарға
2-2-қосымша

Тексеру актісі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 250 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады