Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 5 қарашадағы N 639 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5892 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 7-1/319 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 25.06.2014 № 7-1/319 бұйрығымен.

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) <*>
      Ескерту. 1) тармақшаның күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.03.30 № 18-02/144 (алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      2) "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу туралы Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 199 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 5198 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 318 бет, N 5, 2008 жылы жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу Ережесiне:
      2 және 24 тармақтарда "ветеринарлық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
      "1) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы тексеру;";
      20 тармақта "10" деген сан "11" деген санмен ауыстырылсын;
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаментіне (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықты заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдің
      міндеттерін атқарушы                               М. Оразаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады