"Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 қарашадағы № 436 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5970 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен

      Ескерту. ҚР Көлік және коммуникация министрінің 06.06.2012 № 313 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5561 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көзделген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесіне:
      2-тармақта:
      6) тармақшада:
      «абоненттік құрылғы» сөздерінен кейін «немесе абоненттік станция» сөздерімен толықтырылсын;
      «ұялы» сөзі алынып тасталсын;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) абоненттер туралы қызметтік ақпарат - абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, пошталық мекен-жайы, дара сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін деректемелер (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер;»;
      мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      «24) роуминг – ұялы байланыс операторларының арасындағы роумингтік келісім негізінде, бір ұялы байланыс операторының абонентіне екінші ұялы байланыс операторының желісінде ұялы байланыс қызметтерін көрсету. Роумингті іске асыру үшін абоненттік станцияның (абоненттің ұялы телефонының) және екінші ұялы байланыс оператор желісінің техникалық үйлесімділігі қажет.»;
      4-тармақтағы «заңнамасымен» сөзі «заңдарымен» сөзімен ауыстырылсын;
      14-тармақтағы «қызметі» сөзінен кейін «және роуминг қызметі» сөздерімен толықтырылсын;
      25-тармақта:
      4) тармақшадағы «Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталатын талаптарда және тәртіпте,» сөздері алынып тасталсын;
      6) тармақшаның үшінші бөлігі алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) ұялы байланыс операторының желісінде абонент пайдаланған ұялы байланыс қызметтерін, оларды пайдалану уақыты, ұқсас стандартты басқа желі абоненттерінің телефон нөмірлерімен қосылыстары туралы ақпараттарды автоматты түрде есепті іске асырады.
      Сонымен қатар абоненттің ортақ пайдаланымдағы телекоммуникациялардың тіркелген желісінің абоненттік құрылғыларымен қосылыстары, оған қоса қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтері, халықаралық роуминг, сондай-ақ абоненттің тарифтелмейтін қосылыстары тіркеледі.»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Заңның 15-бабы 1-тармағына сәйкес байланыс операторлары байланыс желілерінде қажетті техникалық құралдарды белгілейді, өзінің жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл мерзімде жинақталуын және сақталуын іске асырады;»;
      8) тармақшада «кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын» сөздері «күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей» сөздерімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
      «31) абоненттерге түнгі уақытта (сағат 23:00 ден 06:00 дейін) бұрын абонент сұратпаған, SMS немесе MMS хабарламалар арқылы ақпараттарды (жарнамалық сипаттағы таратуларды) жіберу бойынша лимит қояды.»;
      43-тармақ алынып тасталсын;
      50-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аванстық есеп айырысу тәртібі бойынша ұялы байланыс қызметтерін алу кезінде абонентте ұялы байланыс операторы алдында берешек туындауын болдырмау мақсатында, ол абоненттің жеке шотында ақшаның аяқталу сәтінде радиотелефон сөйлесуін жүргізуіне байланысты туындауы мүмкін, ұялы байланыс операторы бұндай қосылуды үзеді.».
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Ә.Е. Баймұратов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілетін, осы бұйрықтың 1 тармағының он сегізінші азатжолынан басқасы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                          Қ. Есекеев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің Төрағасы
      ________ А. Шабдарбаев
      2009 жылғы 18 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады