Аккредиттелген ұйымдардың емші сертификатын беруі бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 865 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 26 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6021 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 656 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.09.26 № 656 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 54-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған аккредиттелген ұйымдардың емші сертификатын беруі бойынша Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.):
      1) емші сертификатын беруші денсаулық сақтау субъектілеріне аккредиттеу жүргізсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. «Халық емшісі куәлігін беру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 532 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4477 тіркелген, 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 5 (1208) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 865 бұйрығымен бекітілді 
 

Аккредиттелген ұйымдардың емші сертификатын беруі бойынша Нұсқаулық 

      1. Осы аккредиттелген ұйымдардың халық емшісі сертификатын беруі бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 54-бабына сәйкес әзірленген және аккредиттелген ұйымдардың емші сертификатын беру рәсімін нақтылайды.
      2. Емші сертификатын алуға үміткер болып жеке тұлғалар саналады (бұдан әрі - үміткер).
      3. Аккредиттелген ұйымдар:
      1) осы Нұсқаулыққа қосымша белгілеген тізбе бойынша үміткерлердің құжаттарын қабылдайды;
      2) үміткердің ерекше қабілеттерін анықтауға тестілеу жүргізеді;
      3) оқыту курстарынан өткен үміткерлерге өтініш берген күнінен бастап 1 айдан кешіктірмей емші сертификаттарын береді және есеп берілгеннен кейінгі келесі айдың соңында емшілердің жаңартылған тіркелімін ұсынады;
      4) мемлекеттік органға берілген емші сертификаттары туралы есеп ұсынады.
      4. Емші сертификаты 1 жыл мерзіміне беріледі.
      Үміткердің науқастарды қабылдауды жүргізуін растаушы құжаттарын (тіркеу журналы), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері жүргізетін тексеру актілерін аккредиттелген ұйымға ұсынған кезінде сертификаттың қолданыс мерзімі 1 жылға ұзартылады.
      5. Сертификаттың жоғалуы, бүлінуі жағдайында оның дубликаты (көшірмесі) беріледі.
      Емші сертификаты жоғалған, бүлінген жағдайда аккредиттелген ұйым өтініш берілген күннен бастап он бес күнтізбектік күн ішінде жаңа нөмір тағайындай отырып және оң жақтағы жоғары бұрышта «Дубликат» жазбасы бар емші сертификатының дубликатын береді.
      Берілген дубликат бұл кезде жоғалған немесе бүлінген емші сертификатының түпнұсқасында көрсетілген аяқталу мерзіміне дейін қолданылады.
      Жоғалған, бүлінген емші сертификаты оның жоғалғаны, бүлінгені туралы жазбаша өтініш берілген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
      6. Емші сертификаты қолданысы:
      1) сертификатты қолдану мерзімі аяқталғанда;
      2) сертификат алу кезінде біле тұра өтірік ақпарат берілгенде;
      3) сертификатта көрсетілген органдық аурулармен, туберкулез, психикалық, онкологиялық, инфекциялық, венерологиялық, ЖИТС ауруларымен ауырған науқастарды емдеуге тиым салу бөлімі шарттары бұзылғанда тоқтатылады.     

Аккредиттелген ұйымдардың
емші сертификатын беруі 
бойынша Нұсқаулығына    
қосымша        

Аккредиттелген ұйымға ұсынылатын құжаттардың тізбесі

      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) өмірбаяны;
      3) нотариалды расталған жеке куәлік көшірмесі;
      4) еңбек кітапшасының (бар болса) немесе жеке еңбек келісім шартының немесе жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы үзіндісінің көшірмесі (нотариалды немесе мамандар қызметі растаған);
      5) денсаулық күйі туралы анықтама;
      6) медицина негіздері бойынша курстарда оқудан өткені туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
      7) құжаттар ұсынылғаннан кейінгі бір ай мерзімінен кешіктірмей берілген психоневрологиялық диспансердің анықтамасы;
      8) құжаттар ұсынылғаннан кейінгі бір ай мерзімінен кешіктірмей берілген наркологиялық диспансердің анықтамасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады