Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.11.22 N 23-1097қ қаулысымен
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 26 наурызда N 321 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2004 жылғы 10 сәуірдегі N 47 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 40 нөмірінде жарияланған; "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 23-266қ қаулысымен өзгерістер енгізілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 28 наурызда N 513 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 48 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 44 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
барлық мәтін бойынша "департаменті" деген сөз тиісінше "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасында:
кіріспе "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
барлық мәтін бойынша "департаменті", "Департамент" деген сөздер "басқармасы", "Басқарма" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М.Рахымжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов