"Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 3-1-550қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 3 шілдедегі N 23-625қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 24 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 588 болып енгізілді. Күші жойылды- Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 158-653 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.04 2017 № 158-653 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 3-1-550қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 10 наурыздағы N 314 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2004 жылғы 30 наурыздағы N 41 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2004 жылғы 30 наурыздағы N 35 нөмірінде жарияланған; "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы N 3-1-550қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 23-427қ қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 13 мамырдағы N 533 болып тіркелген, "Астана хабары" газетінің 2008 жылғы 14 маусымдағы N 71 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2008 жылғы 14 маусымдағы N 71-72 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ";
      2-тармақтағы "департаменті" деген сөз "басқармасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасында:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленген .";
      барлық мәтін бойынша "департаменті", "Департамент", "Департаментке" деген сөздер тиісінше "басқармасы", "Басқарма", "Басқармаға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңестің мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және/немесе оқыту қажеттілігі туралы қорытындысы және "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті" мемлекеттік мекемесі медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімінің куәландыру көшірмесі азаматтардың әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш білдіруі үшін негіз болып табылады.";
      3-тармақ "теңестірілген адамның" деген сөздерден кейін "(қорғаншы немесе қамқоршының)" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармағының 4) тармақшасындағы "Астана қаласы Білім департаментінің" деген сөздер "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармағының 5) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қаласы бойынша департаменті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармағының соңғы абзацтағы "Мектеп анықтамасынан басқа" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім
И. Тасмағамбетов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады