Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 248/38-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 22 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 594 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 410/54-IV Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.12.13 N 410/54-IV Шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның 8-бабын, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 22 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына өзгерістер енгізу туралы" Заңды басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 23 қарашада N 478 болып тіркелген, 2007 жылғы 29 қарашада N 187 "Вечерняя Астана", 2007 жылғы 29 қарашада N 192-194 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 50/8-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 3 наурызда N 491 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 наурызда N 27 "Вечерняя Астана", 2008 жылғы 8 наурызда N 32-33 "Астана хабары" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 9 шілдеде N 116/18-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда N 542 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда N 99 "Астана ақшамы", 2008 жылғы 21 тамызда N 102 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 29 қаңтардағы  N 187/30-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына  әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 16 ақпанда N 563 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 ақпанда N 19 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 19 ақпанда N 21 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 31 наурыздағы N 197/31-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 29 сәуірде N 574 болып тіркелген, 2009 жылғы 5 мамырда N 48 "Астана ақшамы", 2009  жылғы 7 мамырда N 53-54 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларында:
      8-тармақ келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      "14) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде жалпы білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітіретін уақытқа дейін, бірақ әрі дегенде 23 жасқа толғанға дейін көп балалы аналар - аналар";
      9-тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) шипажайлық-курорттық емделу.";
      11-тармақтағы "3) және 5)" деген сандар "3), 5), 6)" сандармен ауыстырылсын;
      27-тармақта:
      "жазылушының таңдауы бойынша" деген сөздерден кейін "Астана қаласының" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшасы алынып тасталсын;
      28-тармақтағы екінші азатжолы алынып тасталсын;
      29-тармақтағы "мамыр мен қараша" деген сөздер "жазылу кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31-тармақта:
      Барлық мәтін бойынша "азық-түлік жиынтығы мен мерекелік түскі астар" деген сөздер "азық-түлік жиынтығы немесе мерекелік түскі астар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13-азат жолы алынып тасталсын;
      2-тарау келесі мазмұндағы 7-бөліммен толықтырылсын:

      "7-тарау. Шипажайлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек

      43-1. Шипажайлық-курорттық емделуге Әлеуметтік көмек келесі азаматтардың санаттарына беріледі:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарымен мәртебесі анықталған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға".
      43-2. 43-1-тармақта көрсетілген азаматтардың шипажайлық-курорттық емделуі Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады.
      43-3. Шипажайлық-курорттық емделуден өту 14 күнтізбелік күннен кем емес мерзімді құрайды.
      Шипажайлық-курорттық емделу құқығы жылына бір реттен кем емес беріледі.
      43-4. Шипажайлық-курорттық емделу орнына дейінгі және кері қайту жолақысының құнын төлеу алушының жеке қаражаты есебінен жүргізіледі.
      43-5. 43-1-тармақта көрсетілген азаматтар Шипажайлық-курорттық емделуге Жолдамаларды алуға Әкімгерге өтінішпен (бұдан әрі - Жолдамалар) хабарласады және төмендегі құжаттарды (түпнұсқалар мен көшірмелерді) ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
      2) 43-1-тармақта көрсетілген азаматтардың санаттарын растайтын құжаттар.
      Қажетті құжаттары бар өтінішті қабылдағаннан кейін өтініш берушіге өтініш берушінің тіркелу нөмірі мен мерзімі көрсетілген жыртылмалы талон беріледі.
      43-10-тармақта көрсетілген мерзімде көрсетілген құжаттардан басқа алушы шипажайлық-курорттық картасын ұсынады.
      43-6. Әкімгер келіп түскен өтініштерге сәйкес Жеткізуші ұсынған келу кестесіне сәйкес кезек тәртібімен (өтініштерді тіркеу) Жолдамаларды ұсынуға азаматтардың тізімін жасайды.
      43-7. Шипажайлық-курорттық емделуден өтініш беруші өз талабы бойынша бас тартқан Жолдама Әкімгерге қайтарылуы және тізімге сәйкес басқа өтініш берушіге берілуі тиіс.
      43-8. Жолдама дәлелді себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, берілген жолдама мүмкіндігінше келу кестесіне сәйкес басқа кезеңнің жолдамасына, бірақ ауыстырылуға тиіс жолдамада көрсетілген келу басталғанға дейін үш күннен кешіктірілмей ауыстырылуы мүмкін.
      43-9. Жолдаманы алуға келу қажеттілігі туралы Әкімгердің жазбаша хабарламалары екі рет пошта бойынша жолданған өтініштері болмаған жағдайда, өтініш беруші берілген өтініш бойынша шипажайлық-курорттық емделу құқығынан айырылады.
      43-10. Өтініш беруші Әкімгерден шипажайлық-курорттық емделудің басталуынан он күнтізбелік күннен кеш емес уақытта шипажайлық-курорттық емделу картасын ұсынған жағдайда Жолдамасын алуға міндетті.
      43-11. Әкімгердің бірінші басшысымен (немесе оның орынбасарымен) қол қойып және мөрмен бекітіліп берілген Жолдамада шипажайлық-курорттық емделуге құқылы тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі.
      43-12. Жеткізушілер ай сайын шипажайлық-курорттық емделу аяқталғаннан кейін Әкімгерге шипажайлық-курорттық емделуден өткен азаматтардың тізімін ұсынуға міндетті.";
      49-тармақ келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) жалпы үйлер мұқтаждарына электроэнергия.":
      54-тармақтың 7) тармақшасындағы "телефонға абонеттік төлем" деген сөздерден кейін "жалпы үйлер мұқтаждарына электроэнергия" деген сөздермен толықтырылсын;
      70-тармақта "тұлдыр жетімдер," деген сөздерден кейін "ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар," деген сөздермен толықтырылсын;
      72-тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "8) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы әзірлеген технология бойынша өткізілетін кешенді тестілеудің (бұдан әрі - тестілеу) нәтижесі бойынша берілген мемлекеттік сертификаты.";
      73-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "73. Әкімгер Ақшалай төлемдер алуға үміткерлерден құжаттар қабылдауды Комиссия отырысына дейін 2 күн бұрын аяқтайды.";
      76-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "76. Оқуға Ақшалай төлемдер алуға үміткерлерді іріктеу тестілеу кезінде ең жоғары алған балл саны бойынша төмендегі санаттар ішінен жүргізіледі:
      1) тұлдыр жетімдер;
      2) балалар үйінің түлектері;
      3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      4) бала жасынан мүгедектер;
      5) көп балалы отбасы балалары.";
      келесі мазмұндағы 76-1 және 76-2 тармақшалармен толықтырылсын:
      "76-1. Іріктеу санаттың 76-тармағында көрсетілген шегінде біртіндеп келтірілген жағдайда жүргізіледі, әрі ағымдағы жылы осы мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражат шегінде оқуға ақшалай төлемдер санатының біреуін толық қамтамасыз ету келесінің іріктеуін алып тастайды.
      76-2. Іріктеу жүргізілген кезде әр санаттар шегінде Комиссия бірінші кезекті тәртіпте тестілеу кезінде қажетті ең төменгі баллдан кем алған толық емес отбасы түлектерін оқуға Ақшалай төлемдермен қамтамасыз етуге құқығы бар.";
      77-тармақта "кешенді" деген сөз алынып тасталсын;
      84-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "Жоғарғы оқу орнының әкімшілігі үлгерімі төмен болғаны, себепсіз үнемі оқуға қатыспағаны немесе оқуға Ақшалай төлем есептеу және/немесе тоқтату үшін негіз болып табылатын оқу орнының Жарғысына сәйкес басқа да оқу тәртібін бұзған жағдайда Әкімгерді уақтылы хабардар етуге міндетті.";
      85-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "Бейінді мамандық шегінде ауыстыру үшін үміткер болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орнының әкімшілігі басқа мамандық бойынша студентті ұсынуы мүмкін, егер осындай мүмкіндік болмаған жағдайда Әкімгер осы тәртіпте қаланың басқа жоғары оқу орындарынан ауыстыру үшін үміткерлерді сұрастыруға құқығы бар.";
      92-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "92. Әкімгер азаматтардың өтініштері бойынша (алғашқы бұрынғы алған немесе жеңілдікті жол жүру билеттерін ауыстырған кезден бастап жыл екі ай кезеңі болып есептеледі) жеңілдікті жол жүру билеттерін қайтадан беруді бүлдіргендігі, жоғалғандығы және ұрланғандығы туралы құжатпен расталғанда ("іздеу салу үстелінің" анықтамасы, мерзімдік басылымдағы ұрланған (жоғалған) жеңілдікті жол жүру билетінің жарамсыз деп танылғаны туралы хабарландыру, ұрлау айғағы бойынша ішкі істер органдарына өтінішті растау) жылына бір рет жүргізеді.".
      93-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім, 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енетін 9-тармақтың 6) тармақшасын, 2-тараудың 7-бөлімін, 27-тармақтың 2) тармақшасын алмағанда оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                       Н. Мещеряков

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады