Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 08.02.2012 № А-2/58а (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 10 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
№ 4С-29-2 шешімі негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3379 болып тіркелген) облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.02.23 № А-2/61; 2011.02.22 № А-1/51 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығыстарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен ай сайын 2,5 айлық көрсеткіштің мөлшерінде қосымша шара белгіленсін.
2. Аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері, "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бөлінген сомалар шегінде коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттеріне бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттердің уақытылы игерілуін қамтамасыз етсін.
3. Аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері әр айдың 30-шы күнінен кешіктірмей "Ақмола облысының жұмыспен пен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін шығындарына әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану жөнінде ай сайын есеп берсін.
4. "Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін шығындарына әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану жөнінде ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей есеп берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Қайнарбековке жүктелсін.
Ескерту. 5 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.02.23 № А-2/61; 2011.02.22 № А-1/51 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
6. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша қосымша шаралар туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 4 қаңтарда № А-1/1 қаулысының (нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3240 болып тіркелген, 2008 жылғы 29 қаңтарда "Арқа ажары", "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
7. Осы қаулы 2011 жылдың 1 қаңтарынан кейін пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
Ескерту. 7 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.02.23 № А-2/61; 2011.02.22 № А-1/51 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
8. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының
әкімі А.Рау