Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 08.02.2012 № А-2/58а (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі,
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 10 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 4С-29-2 шешімі негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3379 болып тіркелген) облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы № А-2/80 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3316 болып тіркелген, 2009 жылдың 7 сәуірінде «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспеде «Ақмола облыстық маслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 4С-19-2 шешімі негізінде (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3342 болып тіркелген)» сөздері «Ақмола облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 10 желтоқсандағы «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 4С-29-2 шешімі негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3379 болып тіркелген)» сөздерімен ауыстырылсын;
5-тармақта «Қ.С.Әбдірайымовқа» сөздері «А.Қ.Қайнарбековке» сөздерімен ауыстырылсын;
7-тармақта «2010 жылғы» сөздері «2011 жылдың» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі С.Дьяченко