Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 26.01.2016 № А-2/35 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18-ші, 238-баптарына сәйкес, «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн келісу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 5С-31-6 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші 2-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С.Кулагин
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Н.Дьячек
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 18 қарашадағы
№ А-10/545 қаулысына
1-қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
2) барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдеу бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, психолог, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, фармацевт, фельдшер (зертханашы), провизор.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме басшысы және басшының орынбасары;
2) барлық мамандықтағы дәрігерлер, медициналық бике, емдәм бикесі, фармацевт, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, нұсқаушы, психолог, тіс дәрігері, әдістемеші.
3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, интернат пен шеберхананың меңгерушісі;
2) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдардың лауазымдары: барлық мамандықтардың мұғалімдері, тәрбиешi, шебер, оқытушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік оқытушы, оқытушы-психолог, оқытушы-ұйымдастырушы, мұғалім-логопед, мұғалім-дефектолог;
3) кітапханашы, жетекші.
4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) мұражайлардағы қорларды сақтаушы, экскурсовод, ғылыми қызметкер, мұрағатшы.
5. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
2) стадион меңгерушісі;
3) спорт клубының меңгерушісі;
4) нұсқаушы, әдістемеші, психолог, жаттықтырушы, дәрігер, медбике.
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 18 қарашадағы
№ А-10/545 қаулысына
2-қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі
1. «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 3323 болып тіркелді және «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде 2009 жылғы 11 шілдеде жарияланды);
2. «Облыстық бюджеттің қаражатынан лауазымдық жалақыларын және тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № А-8/328 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 3434 болып тіркелді және «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде 2012 жылғы 28 шілдеде жарияланды);
3. «Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № А-11/550 қаулысының 1 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 3957 болып тіркелді және «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 28 қаңтарда жарияланды);
4. «Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қазандағы № А-9/484 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 4416 болып тіркелді және «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 1 қарашада жарияланды).