2010 жылға арналған Ақмола облысының қоршаған ортасына эмиссия үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола обыстық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4C-19-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 20 каңтарда № 3345 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 4С-31-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2011.03.15  № 4С-31-4 шешімімен

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 495 бабының 9 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заныңың 6 бабының 5 тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылға арналған Ақмола облысының қоршаған ортасына эмиссия үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Ақмола облыстық мәслихатының «2009 жылға Ақмола облысының қоршаған ортасына эмиссия үшін төлемақының кейбір түрлеріне жоғары ставкаларды бекіту туралы» 2009 жылғы 6 ақпандағы № 4С-12-10 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3313 тіркелген, 2009 жылдың 21 наурызында «Арқа ажары» газетінде, 2009 жылдың 21 наурызында «Акмолинская правда» газетінде жарияланған)  шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Бұл шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А.Куликов

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақмола облысы бойынша
      Салық комитетінің бастығы                  Ж.С.Нүсіпов

      Ақмола облысы табиғи ресурстар
      және табиғатты пайдалануды реттеу
      басқармасының бастығының міндетін
      атқарушы                                   Ә.Х.Дощанов

      Ақмола облысы экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      басқармасының бастығы                      М.Ш.Тақамбаев

Ақмола облыстық мәслихатының
2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-19-3
шешіміне қосымша

2010 жылғы арналған Ақмола облысының
қоршаған ортасына эмиссия үшін
төлемақы ставкалары

      1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Рет
N

Ластағыш заттардың
түрлері

1 тонна үшін
төлемақы
ставкалары (АЕК)

1 килограмм
үшін төлемақы
ставкалары
(АЕК)

1.

Күкірт тотықтары

10


2.

Азот тотықтары

10


3.

Шаң және күл

5


4.

Қорғасын және оның қосындылары

1993


5.

Күкіртсутек

62


6.

Фенолдар

166


7.

Көмірсутектер

0,16


8.

Формальдегид

166


9.

Көміртегі тотықтары

0,16


10.

Метан

0,01


11.

Күйе

12


12.

Темір тотықтары

15


13.

Аммиак

12


14.

Алты валентті хром

399


15.

Мыс тотықтары

299


16.

Бенз(а)пирен


498,3

      2. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Рет
N

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,33

2.

Дизель отыны үшін

0,45

3.

Сұйытылған, сығылған газ үшін

0,24

      3. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Рет
N

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

670


Мырыш

1340

3.

Мыс

13402

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

4

5.

Тұзды аммоний

34

6.

Мұнай өнімдері

268

7.

Нитраттар

1

8.

Жалпы темір

134

9.

Сульфаттар (анион)

0,4

10.

Өлшенген заттар

1

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

27

12.

Хлоридтер (анион)

0,1

13.

Алюминий

27

      4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Рет
N

Қалдық түрлері

төлемақы ставкалары (АЕК)

1 тонна
үшін

1 гигабек-
керель
(Гбк) үшін

1.

Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)

0,19


1.2.

Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:



1.2.1.

"қызыл" тізім

8,4

 

1.2.2.

"янтарь" тізім

4,8

 

1.2.3.

"жасыл" тізім

1,2

 

1.2.4.

жіктелмегендер

0,54

 

1.3.

Бұдан басқа:



1.3.1.

аршынды жыныстар

0,0024

 

1.3.2.

жанас таужыныстары

0,0156

 

1.3.3.

байыту қалдықтары

0,012

 

1.3.4.

шлактар, шламдар

0,019

 

1.3.5.

күл мен күлшлактар

0,33

 

1.3.6.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары

0,009

 

1.3.7.

техникалық және элементарлық күкірт

3,77

 

2.

Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):



2.1.

Трансуранды

 

0,38

2.2.

Альфа-радиоактивті

 

0,19

2.3.

Бета-радиоактивті

 

0,02

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,19

      Ескерту:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады