Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № С-20/5 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 ақпанда № 1-1-99 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурызда № С-36/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 30.03.2015 № С-36/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының  10-бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеудің, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орыны болып, Смағұл Сәдуақасов пен Ш. Құсайынов атындағы көшелердің қиылысындағы «№ 2 Көкшетау селолық құрылыс» мәдениет және демалыс саябағы анықталсын.
      2. Көкшетау қалалық мәслихатының 2005 жылғы 21 қазандағы № С-25/6 «Көкшетау қаласында жиналыстар, митингілер, шерулер мен пикеттер және демонстрация өткізетін орындарды анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 1-1-22 нөмірімен тіркелген, “Көкшетау” және “Степной маяк” газеттерінің 2005 жылғы 27 қазандағы 45 нөмірінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық мәслихатының
      20-сыншы сессияның төрағасы           Ә.Баймағамбетов

      Төртінші шақырылған
      Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы                  Құстафина

      КЕЛІСІЛДІ:

      Көкшетау
      қаласының әкімі                       Б.Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады