РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны болып "Тәуелсіздік" алаңы анықталсын.
2. Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № С-20/5 "Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-99 тіркелген, 2009 жылғы 19 ақпанда "Көкшетау" газетінде және 2009 жылғы 19 ақпанда "Степной Маяк" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментіңде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бесінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 36-шы кезектен тыс сессиясының төрағасы |
О.Қызбикенов |
Бесінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Б.Бегалин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі | Е.Маржықпаев |
2015 жылғы "30" наурыз