Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 3С-18/11 "Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 4С-18/9 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 мамырда № 1-2-110 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 2 шілдедегі № 5С-6/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2012.07.02 № 5С-6/9 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 22 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 3С-18/11 «Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-2-14 тіркелген, № 35 «Престиж» газетінде 2005 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған) (Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 қарашадағы № 4С-13/9 «Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 3С-18/11 «Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-2-99 тіркелген, № 2 «Вечерний Степногорск» және № 2 «Степногорск ақшамы» газеттерінде 2009 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешімімен өзгерістер енгізілген) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Барлық мәтін бойынша «Жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық басқармасы» деген сөз «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ақмола мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Степногорск қалалық жер-кадастрлық филиалы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2. Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерінің 4 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «4. Қала аумағында құрылыстар мен ғимараттар салу, обьектілерді көркейту және көгалдандыру мемлекеттік сараптама, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өртке қарсы қызметі, төтенше жағдай және қоршаған ортаны қорғау органдарының оң қорытындысы, ал шағын аудандар ішінде құрылыс салған жағдайда нақты шағын аудан аумағында орналасқан қоғамдық бірлестіктің пікірін (отырыста талқылап, хаттама ресімдеу жолымен) есепке ала отырып енгізілген ұсыныс (ұсыну сипатындағы) болған жағдайда «Степногорск қаласының сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі бекіткен жоспарлар бойынша іске асырылады.
      Тұрғын үйлердегі тұрғын жайды және үй-жайды қалпына келтіру, қайта жобалау, қайта жабдықтау, тұрғын массивіндегі (шағын аудандағы) жеке тұрған обьектіні қалпына келтіру, қайта жобалау, қайта жабдықтау, мақсатты бағытта өзгерту нақты шағын аудан аумағында орналасқан қоғамдық бірлестіктің пікірін (отырыста талқылап, хаттама ресімдеу жолымен) және қала құрылысы кеңесінің пікірін есепке ала отырып жүргізіледі, шешімді қала әкімдігі қабылдайды. Құрылыс салу үшін жер телімін таңдауды жер құрылысы және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес «Сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесі, «Жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық басқармасы» деген сөз «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ақмола мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Степногорск қалалық жер-кадастрлық филиалы» мемлекеттік мекемесімен біріге отырып «Степногорск қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі іске асырады. Жер телімін таңдаудың нәтижесі құрылыс салу үшін жер телімін таңдау туралы,  қажет болған жағдайда оның күзет және санитарлық-қорғау аймағы жөніндегі актімен ресімделеді. Аталмыш актіге жер телімін таңдаудың мүмкін болатын нұсқаларына сәйкес әрбір жер телімінің шекарасының жобасы қоса беріледі. Жер телімін таңдау актісін, жер телімінің шекарасының жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген мерзімде жүргізіледі.
      3. Степногорск қалалық мәслихатының 2009 жылғы 03 ақпандағы № 4С-15/4 Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 шілдедегі № 3С-18/11 «Степногорск қаласы мен кенттердің құрылыс ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі Степногорск қаласының Әділет басқармасында тіркеуден өтпеуіне байланысты күші жойылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қаланың коммуналдық инфрақұрылымын дамыту, бюджеттік саясат және қаржы жөніндегі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген соң күшіне енеді және ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Е. Тарасова

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Г. Көпеева

      КЕЛІСІЛДІ:

      Степногорск
      қаласының әкімі                            А. Никишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады