Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 науырыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Занының 28 бабының 3 тармағына сәйкес, Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жалғызқарағай ауылдық округі әкімінің «Жалғызқарағай, Қайнар және Тастыадыр ауылдарының көшелеріне атау беру туралы» 2009 жылғы 22 маусымдағы № 5 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-3-116 тіркелген, 2009 жылғы 28 тамызда «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» газеттерінде жарияланған), шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
кіріспедегі «ауыл тұрғындарының жедел отырысының хаттамасында қабылданған ұсынысқа байланысты 30 сәуір 2009 жылы, Жалғызқарағай округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ» деген сөздері «Жалғызқарағай, Қайнар және Тастыадыр ауылдары халықтың пікірін ескере отырып, Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ» деген сөздерімен ауыстырылсын:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы «Г. Кирдищев» сөздері «Гавриил Федотович Кирдищев» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақкөл ауданының әділет баскармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалғызқарағай ауылдық
округінің әкімі Қ. Қасенов