Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 35 бабының 2 тармағына, Искра және Степок селоларының халық пікірін ескере отырып, Искра селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Искра, Степок селосының көшелерінің және тұйық көшелерінің атауларын өзгертілсін:
Искра селосында:
«Восточная» көшесі –«Шығыс» көшесіне;
«Степная» көшесі – «Сарыарқа» көшесіне;
«Лесная» көшесі – «Абылайхан» атындағы көшеге;
«Киров» атындағы көше – «Тәуелсіздік» көшесіне;
«Мира» көшесі – «Бейбітшілік» көшесіне;
«Школьная» көшесі – «Болашақ» көшесіне;
«В.Ленин» атындағы көше – «Абай» атындағы көшеге;
«А.Пушкин» атындағы көше – «Сәкен Сейфуллин» атындағы көшеге.
Степок селосында:
«Окябрьская» көшесі – «Мағжан Жұмабаев» атындағы көшеге;
«В.Ленин» атындағы көше – «Мұхтар Әуезов» атындағы көшеге;
«Целинная» көшесі – «Ыбрай Алтынсарин» атындағы көшеге;
«Южная» көшесі – «Егемендік» көшесіне;
«Больничный» тұйық көшесі – «Жастар» тұйық көшесіне;
«Торговый» тұйық көшесі – «Жеңіс» тұйық көшесіне;
«Западный» тұйық көшесі – «Батыс» тұйық көшесіне;
«Новый» тұйық көшесі – «Желтоқсан» тұйық көшесіне;
«Школьный» тұйық көшесі – «Достық» тұйық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Искра селолық
округінің әкімі Х.Нұрғалиев
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақкөл аудандық
мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Б.Әкімова