Домбыралы ауылының көшелерін қайта атау және Кеңес, Малый Барап, Красный Горняк селоларының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Кеңес селолық округі әкімінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 5 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 қазанда № 1-3-121 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Домбыралы ауылының және Кеңес, Малый Барап, Красный Горняк селоларының халқының пікірін ескере отырып, Кеңес селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Домбыралы ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) «Озерная» көшесін – «Достық» көшесіне,
      2) «Комсомольская» көшесін – «Алаш» көшесіне,
      3) «Центральная» көшесін – «Тәуелсіздік» көшесіне,
      4) «Советская» көшесін – «Азат» көшесіне,
      5) «Молодежная» көшесін – «Жастар» көшесіне,
      6) «Новая Молодежная» көшесін – «Болашақ» көшесіне.
      2. Кеңес, Малый Барап, Красный Горняк селоларының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      Кеңес селосы:
      1) № 1 көшеге – «Бейбітшілік» атауы,
      2) № 2 көшеге – «Достық» атауы,
      3) № 3 көшеге – «Сары-Арқа» атауы,
      4) № 4 көшеге – «Желтоқсан» атауы,
      5) № 5 көшеге – «Тәуелсіздік» атауы,
      6) № 6 көшеге – «Жеңіс» атауы.
      Малый Барап селосы:
      1) № 1 көшеге – «Абай» атауы,
      2) № 2 көшеге – «Қабанбай» атауы,
      3) № 3 көшеге – «Абылай хан» атауы,
      4) № 4 көшеге – «Шәкәрім Құдайбердиев» атауы,
      5) № 5 көшеге – «Сәкен Сейфуллин» атауы.
      Красный Горняк селосы:
      1) № 1 көшеге – «Достық» атауы.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Ақкөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кеңес селолық
      округінің әкімі                            Т.Әбдірахманов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақкөл аудандық
      мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Б.Б.Әкімова

      «Ақкөл аудандық
      сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    И.И.Карпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады