Қара-өзек ауылының көшелеріне атау беру және Құрылыс ауылының көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Новорыбин селолық округі әкімінің 2009 жылғы 29 маусымдағы № 05 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 тамызда № 1-3-117 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 35 бабының
2 тармағына сәйкес, Құрылыс ауыл, 2009 жылы 18 ақпан айында № 2 және Қара-өзек ауыл, 2009 жылы 18 ақпан айында № 2, тұрғындарының жедел отырысының хаттамасында қабылдаған ұсынысқа байланысты, Новорыбин селолық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Құрылыс ауылының көшелерінің атаулары жаңа заманға сай өзгертілсін:
      1) Старосельская көшесі – Достық көшесіне,
      2) Целинная көшесі – Болашақ көшесіне.
      2.Қара-өзек ауылының көшелеріне келесі атау берілсің (қоса берілген сұлбаға сәйкес):
      1) № 1 көшесі – атау Ардагерлер,
      2) № 2 көшесі – атау Жасыл.
      3.Осы шешімнің орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
      4.Осы шешім Аққөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу күннен бастап өз күшене енеді және ресми түрде жарияланғаннан күннен қолданысқа түседі.

      Новорыбин селолық
      округінің әкімі                            К.Бәпішев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Аққөл ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Б.Б.Әкімова

      «Ақкөл ауданының сәулет
      және қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            И.И.Карпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады