Урюпин селосының көшелерінің, тұйық көшелерінің атауларың өзгерту және Амангелді, Ерофеевка, Малоалександровка, Красный Бор селоларының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы Урюпин селолық округі әкімінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 4 шешімі. Ақмола облысы Ақкөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 31 желтоқсанда № 1-3-127 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасынын 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, және халықтың пікірін ескере отырып, Урюпин селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Урюпин селосының көшелерінің және тұйық көшелерінің атаулары өзгертілсін және Амангелді, Ерофеевка, Малоалександровка Красный Бор селоларының көшелеріне атаулар берілсін:
      Урюпин селосында:
      «Ленин» көшесі - «Абылайхан» атындағы көшесіне;
      «Чапаев» көшесі - «Шоқан Уәлиханов» атындағы көшесіне;
      «Советская» көшесі - «Мұхтар Әуезов» атындағы көшесіне;
      «Октябрьская» көшесі - «Ғабит Мүсірепов» атындағы көшесіне;
      «Кирова» көшесі - «Кенесары» атындағы көшесіне;
      «Целинная» көшесі - «Әліби Жангелдин» атындағы көшесіне;
      «Трудовая» көшесі - «Тоқтар Әубәкіров» атындағы көшесіне;
      «Рабочая» көшесін - «Сағадат Нұрмағамбетов» атындағы көшесіне;
      «Новоселов» көшесі - «Ыбырай Алтынсарин» атындағы көшесіне;
      «Степная» көшесі - «Кұрманғазы» атындағы көшесіне;
      «Центральный» тұйық көшесі - «Федот Гусаков» атындағы тұйық көшесіне;
      «Пионерский» тұйық көшесі - «Жастар» тұйық көшесіне;
      «Мира» тұйық көшесі - «Бейбітшілік» тұйық көшесіне;
      «Спортивный» тұйық көшесі - «Достық» тұйық көшесіне;
      «А. Пушкин» тұйық көшесі - «Абай» атындағы тұйық көшесіне;
      Амангелді селосында:
      № 1 көшеге – «Жайық Бектұров» атындағы атауы;
      № 2 көшеге – «Ыбырай Алтынсарин» атындағы атауы;
      № 3 көшеге - «Сәкен Сейфуллин» атындағы атауы;
      Ерофеевка селосында:
      № 1 көшеге – «Мұхтар Әуезов» атындағы атауы;
      № 2 көшеге – «Ақжайык» атауы;
      Малоалександровка селосында:
      № 1 көшеге – «Абай» атындағы атауы;
      № 2 көшеге – «Ыбырай Алтынсарин» атындағы атауы;
      № 3 көшеге – «Сәкен Сейфуллин» атындағы атауы;
      Красный Бор селосында:
      № 1 көшеге – «Ахмет Байтұрсынов» атындағы атауы;
      № 2 көшеге – «Шәмші Қалдаяков» атындағы атауы;
      № 3 көшеге – «Абылайхан» атындағы атауы;
      № 4 көшеге – «Ақжайық» атауы;
      № 5 көшеге – «Болашақ» атауы;
      № 6 көшеге – «Кенесары» атындағы атауы;
      № 7 көшеге – «Әлия Молдағұлова» атындағы атауы;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалтырамын.
      3. Осы шешім Ақкөл ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Урюпин селолық
      округінің әкімі                            Б.Өмірбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақкөл ауданының
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі» Мемлекеттік
      мекемесінің басқармасы                     Б.Б.Әкімова

      «Ақкөл аудандық сәулет
      және қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            И.И.Карпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады