Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына сәйкес Анар стансасындағы азаматтар жиынының 2009 жылғы 16 сәуірдегі, Донецк селосындағы азаматтар жиынының 2009 жылғы 17 сәуірдегі өткен жиынның хаттамаларын есепке ала отырып, Анар селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.Анар стансасының көшелері төмендегідей атаулармен өзгертілсін: Школьная көшесі - Астана көшесіне, Почтовая көшесі - Д.А.Қонаев көшесіне, Вокзальная көшесі - Сарыарқа көшесіне, Локомотивная көшесі - Т.Әубәкіров көшесіне, Деповская көшесі - Ә.Молдағұлова көшесіне, Перволинейная көшесі - Жібек жолы көшесіне, Северная көшесі - Достық көшесі, Пионерская көшесі - Көкшетау көшесіне, Рабочая көшесі - Еңбек көшесіне, Спортивная көшесі - М. Өзтүрік көшесіне, Комсомольская көшесі - Қазақстан көшесіне, Озерная көшесі - Жеңіс көшесіне, Конституция көшесі - Ж.А.Ташенов көшесіне, Дальняя көшесі - Шалғай көшесіне.
2.Донецкое селосының көшелеріне төмендегідей жаңа атаулар берілсін: № 1 көшесіне - Бірлік атауы, № 2 көшесіне - М.Әуезов атауы, № 3 көшесіне - С.Сейфуллин атауы, № 4 көшесіне - Б.Момышұлы атауы, № 5 көшесіне - Абай атауы, № 6 көшесіне - Конституция атауы берілсін.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылау өз жауапкершілігіме аламын.
4. Аталмыш шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен соң, ақпарат құралдарында бірінші рет жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Анар селолық
округінің әкімі Б.Қамиев