"Жібек жолы ауылындағы көше атауларын өзгерту және жаңа атаулар беру туралы" Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 37 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қарашадағы № 100 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 қаңтарда № 1-4-161 тіркелді

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жібек жолы ауылындағы 2009 жылғы 21 қазандағы тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жібек жолы ауылдық округ әкімінің «Жібек жолы ауылындағы көше атауларын өзгерту және жаңа атаулар беру туралы» 2009 жылғы 14 мамырдағы № 37 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-4-146 болып тіркелген, 2009 жылдың 27 маусымында «Вперед», 2009 жылдың 26 маусымында «Аршалы айнасы» аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтағы 2 азат жолында «Желтоқсан» сөзі «Шоқан Уәлиханов» сөзіне ауыстырылсын;
      2 тармақтағы «Әлия Молдағұлова» сөзі «Ақан Құрманов» сөзіне ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жібек жолы ауылдық
      округінің әкімі                            А.Дәулет

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аршалы ауданының «Сәулет
      және қала құрылыс бөлімі»
      мемлекеттік мекеменің бастығы              А.Ибраев

      «Аршалы ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекеменің бастығы              А.Гросс

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады