Жібек жолы ауылындағы көше атауларын өзгерту және жаңа атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 37 шешімі. Ақмола облысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 маусымда № 1-4-146 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес және Жібек жолы ауылындағы 2009 жылғы 9 сәуірдегі тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жібек жолы ауылындағы бірінші массивтегі жаңа құрылыс көшелеріне жаңа атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – Б. Момышұлы атауы,
      № 2 көшеге – Жамбыл атауы,
      № 3 көшеге - Ә. Молдағұлова атауы,
      № 4 көшеге – Қ. Сәтпаев атауы,
      № 5 көшеге - Ә. Ермекова атауы,
      № 6 көшеге – А. Байтұрсынов атауы,
      № 7 көшеге – С. Сейфуллин атауы,
      № 8 көшеге – Қажымұқан атауы,
      № 9 көшеге – Т. Рысқұлов атауы,
      № 10 көшеге – Затаевич атауы,
      № 11 көшеге – Гумилев атауы,
      № 12 көшеге – М. Мақатаев атауы,
      № 13 көшеге – А. Сері атауы,
      № 14 көшеге – Ш. Қалдаяқов атауы
      Жібек жолы ауылындағы екінші массивтегі жаңа құрылыс көшелеріне жаңа атаулар берілсін:
      № 1 көшеге - Әл Фараби атауы,
      № 2 көшеге – Кенесары атауы,
      № 3 көшеге – Қарасу атауы,
      № 4 көшеге – Абылайхан атауы,
      № 5 көшеге - Ә.Бөкейханов атауы,
      № 6 көшеге – Шоқан Уалиханов атауы.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 2009.27.11 № 100 шешімімен.
      2. Жібек жолы ауылындағы көшелердің атаулары өзгертілсін:
      Школьная көшесіне – Қазыбек би көшесі,
      Мира көшесіне – Бейбітшілік көшесі,
      Целинная көшесіне – Сары Арқа көшесі,
      Набережная көшесіне – А. Сейдімбеков көшесі,
      Степная көшесіне – С. Бейбарыс көшесі,
      Дружба көшесіне – Достық көшесі,
      Черемушная көшесіне – Мойылды көшесі,
      Юбилейная көшесіне – Н. Тілендиев көшесі,
      Ленина көшесіне - Ақан Құрманов көшесі,
      Почтовая көшесіне – М. Мәметова көшесі,
      Восточная көшесіне – В.Г. Чайка көшесі.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 2009.27.11 № 100 шешімімен.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме жүктеледі.
      4. Аталмыш шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң, ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

      Жібек жолы ауылдық
      округінің әкімі                            А.Дәулет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады