Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Атбасар ауданы Сочинское ауылы әкімінің 18.12.2014 № 4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық" сөздері "ауылының", "ауылдық" сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Сочинское ауылы әкімінің 18.12.2014 № 4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Ақмола облысы Атбасар ауданы Сочинск ауылының тұрғындары жиналысының 2009 жылғы 6 маусымдағы хаттамасын есепке ала отырып, Ақмола облысы Атбасар ауданы Сочинск ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысы Атбасар ауданы Сочинск ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 көшеге – Еңбек атауы;
№ 2 көшеге – Бейбітшілік атауы;
№ 3 көшеге – Достық атауы;
№ 4 көшеге – Гагарин атауы;
№ 5 көшеге – Жастар атауы;
№ 6 көшеге – Тәуелсіздік атауы;
№ 7 көшеге – Целинная атауы;
№ 8 көшеге – Элеватор атауы;
№ 9 көшеге – Сарыарка атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Атбасар ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сочинск ауылының
әкімі А.Жаныбеков
КЕЛІСІЛДІ:
«Атбасар ауданының
сәулет және қала
құрылысы бөлімі»
мемелекеттік мекеменің
бастығы З.Кенжебаев
«Атбасар ауданының
мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекеменің
бастығы С.Бекенова