"Ақмола облысы Атбасар ауданының Сочинское селосының көшелеріне атаулар беру туралы" Сочинское ауылы әкімінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Сочинское ауылы әкімінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қаңтарда 4587 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Атбасар ауданының Сочинское ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сочинское ауылы әкімінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 19 «Ақмола облысы Атбасар ауданының Сочинское селосының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-5-121 тіркелген, 2009 жылғы 2 қазанда «Атбасар» аудандық газетінде жарияланған, 2009 жылғы 2 қазанда «Простор» аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «селосы», «селолық» деген сөздер тиісінше «ауылы», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                 К.Семізбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады