Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 26.12.2013 № а-12/628 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 19 қазандағы «Аудандық бюджеттің қаражатынан лауазымдық жалақыларын және тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» № 4С 21/3 шешімі негізінде, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес, аудандық бюджеттің қаражатынан лауазымдық жалақыларын және тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Қаппасовқа артылсын.
3. Осы қаулы Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар
ауданының әкімі Р.Әубәкіров
Атбасар ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 13 қарашадағы
№ а-11/294 қаулысына қосымша
Аудандық бюджеттің қаражатынан лауазымдық жалақыларын және тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі.
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме басшысы мен басшысының орынбасары.
2) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдардың лауазымдары: барлық мамандықтардың мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, аға жетекші, музыкалық жетекші, оқытушы-психолог, алғашқы әскери дайындығы бойынша ұйымдастырушы-оқытушы, қосымша білім оқытушы, лагерь бастығы (сауықтыру);
3) кітапханашы;
4) жетекші;
5) спорт кешенінің меңгерушісі;
6) үйірме жетекшісі;
7) медициналық бике.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) филиал басшысы;
2) кітапхана, клуб меңгерушісі;
3) кітапханашы;
4) режиссер;
5) мәдени ұйымдастырушы.