Аудан бюджеті қаражатынан қызмет ақыны және тарифтік мөлшерлемені жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамтамасыз ету және мәдениет бөлімдері мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 тамыздағы № 188 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 қыркүйекте № 1-6-103 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 17.02.2014 № 62 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18238 баптарына сәйкес, «Аудан бюджеті қаражатынан қызмет ақыны және тарифтік мөлшерлемені жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамтамасыз ету және мәдениет бөлімдері мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдедегі № 4С-15-10 шешімінің негізінде, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан бюджеті қаражатынан қызмет ақыны және тарифтік мөлшерлемені жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамтамасыз ету және мәдениет бөлімдері мамандары лауазымдарының тізбесі, қосымшаға сәйкес, айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Қожахметке жүктелсін.
      3. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Астрахан ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                   Р. Әкімов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Астрахан ауданының «Білім
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Г. Шаяхметова

      Астрахан ауданының «Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Қ. Жұмақаев

      Астрахан ауданының «Қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ғ. Шонабаева

      Астрахан ауданының «Мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы               Л. Аханова

      Астрахан ауданының «Экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А. Жүсіпова

Астрахан ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 4 тамыздағы № 188
қаулысына қосымша

Аудан бюджеті қаражатынан қызмет ақыны және тарифтік
мөлшерлемені жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық
жерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамтамасыз ету және
мәдениет бөлімдері мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) меңгеруші, оның ішінде үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлім;
      2) мамандар (бас,аға), оның ішінде күтім көрсетуші әлеуметтік жұмысшы.
      2. Білім бөлімі мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшысының орынбасары;
      2) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдары: барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, оқытушы-психолог;
      3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: кітапханашы, жетекші, медициналық бике, әдіскер, үйірме жетекшісі.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшысының орынбасары, бөлімшенің басшысы; клуб меңгеруші;
      2) көркемөнерпаздар басшысы, үйірме жетекшісі, музыкалық басшысы;
      3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: библиограф, сүйемелдеуші кітапханашы, нұсқаушы, әдіскер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады