Астрахан аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-4-8 "Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдедегі № 4С-15-11 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 қыркүйекте № 1-6-104 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2009.12.24 № 4С-19-11 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы БюджеттікКодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және аудан әкімінің 2009 жылғы 21 шілдедегі № 592 хатының негізінде, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астрахан аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-4-8 «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы», (1-6-76 нөмірмен нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген және 2008 жылғы 8 ақпандағы аудандық «Маяк» газетінде жарияланған), Астрахан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 4 шілдедегі № 4С-7-2 «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесіне толықтырулар енгізу туралы» (1-6-88 нөмірмен нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 1 тамыздағы № 30 аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Ереженің 6 тармағындағы:
      «күндізгі орта және жоғары кәсіптік оқу орындарын сол жылы бітіріп, білім мекемелерінде жұмыс істеуге келген педагогтық білімі бар жас мамандар» сөздері;
      «бұрынғы кәмелетке толмаған концентрациондық лагерь тұтқындары»
      сөздерімен ауыстырылсын;
      10 тармақтағы
      мына сөздер алынып тасталсын:
      «Жас мамандар жазбаша өтініштеріне келесі құжаттарды қосып тіркейді:
      1) еңбек шартының көшірмесін;
      2) жеке куәлік көшірмесін;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесін;
      4) әлеуметтік жеке код көшірмесін;
      5) мекен-жайын растайтын құжат көшірмесін;
      14-1 тармағы алынып тасталсын;
      14-2 тармағымен толықтырылсын:
      «14-2. Бұрынғы кәмелетке толмаған концентрациондық лагерь тұтқындары үшін берілетін коммуналдық шығынның мөлшері ай сайын бір айлық есептік көрсеткішті құрайды».
      2. Шешім Астрахан ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап әрекет етеді.

      Астрахан аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы                            А. Ермилов

      Астрахан аудандық мәслихатының
      хатшысы Т.                                 Ерсейітов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Астрахан ауданының әкімі                   Р. Әкімов

      Астрахан ауданының «Жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      Мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Қ. Жұмақаев

      Астрахан ауданының
      «Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі»
      Мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А. Жүсіпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады