Астрахан ауданының аумағында қызмет көрсететін барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдедегі № 4С-15-12 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 қыркүйекте № 1-6-105 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 мамырдағы № 5С-15-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 04.05.2013 № 5С-15-2 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңының 5 тармағына сәйкес және аудан әкімінің 2009 жылғы 21 шілдедегі № 595 хатының негізінде, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Нақты шешімнің қосымшасына сәйкес Астрахан ауданының аумағында қызмет көрсететін барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасы белгіленсін.
      2. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Астрахан аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
А. Ермилов
      Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы
Т. Ерсейітов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Астрахан аудан әкімі Р. Әкімов
      "Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрлігі Салық комитетінің
Ақмола облысы бойынша Салық
Департаментінің Астрахан ауданы бойынша
салық Басқармасы"
Мемлекеттік мекемесінің бастығы
Г. Пугачева

  Астрахан аудандық мәслихатының
2009 жылғы 23 шілдедегі
№ 4С-15-12 шешіміне
қосымша

Астрахан ауданының аумағында қызмет көрсететін барлық салық
төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкасы

Рет


Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың ұсынылған ставкалары (айлық есептік көрсеткіш түрінде)

1

2

3

1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

2

2.
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2

4.
Ойын жолы

10

5.
Карт

4

6.
Бильярд үстелі

5

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады