Астрахан ауданының елді мекендерінде ит пен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19-12 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қаңтарда № 1-6-117 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 5С-17 шешімімен. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 тамыздағы № 5С-8-4 шешімімен

      Сноска. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012.08.07 № 5С-8-4 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңымен сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымша берілген Астрахан ауданының елді мекендерінде ит пен мысықтарды ұстау Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы                            И.Федоренко

      Астрахан аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В.Собеский

      КЕЛІСІЛДІ:

      Астрахан ауданының әкімі                   Р.Әкімов

      «Қазақстан Республикасының
      агроөнеркәсіп Кешеніндегі
      мемлекеттік инспекция
      Комитетінің Астрахан
      аудандық аумақтық инспекциясы»
      Мемлекеттік мекемесінің бастығы            В.Сысоев

      «Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Ақмола облысы
      бойынша департаменті Астрахан
      ауданы бойынша Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы» Мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А.Тарасов

      «Қазақстан Республикасының
      ішкі істер министрлігі
      Ақмола облысының ішкі істер
      Департаментінің Астрахан
      ауданының ішкі істер бөлімі»
      Мемлекеттік мекемесінің бастығы             Ж.Ешимов

Астрахан аудандық
мәслихатының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 4С-19-12 шешімімен
бекітілді

Астрахан ауданында мысықтар мен иттерді ұстау Ережелері 1. Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер Астрахан ауданы аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңымен сәйкес әзірленді.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      ит – сүтқоректілерге жатады, мөлшеріне, түсіне және басқа белгілеріне қарамай қасқыр тектеске жататын үй жануары;
      мысық - сүтқоректілерге жатады, мөлшеріне, түсіне және басқа белгілеріне қарамай мысық тектеске жататын үй жануары;
      жануар иесі – мысықтың немесе иттің иесі, немесе жалға алу негізінде немесе иесімен басқа да осыған ұқсас келісу арқылы жануарды ұстаумен шұғылданатын тұлға;
      қадағалаусыз, қараусыз қалған жануар – иесін анықтау мүмкін емес тіркелмеген жануар, иесінің немесе жауапты тұлғаның қарауынсыз қалған, яғни иесінен қашып кеткен жануар;
      мысықтар мен иттерді қыдырту – мысықтар мен иттердің иесінің жеке меншігі болып саналатын немесе басқадан жалға алған үй-жайдан тыс жерде болулары және арнайы бөлінген аумақта болулары.

2. Тарау. Мысықтар мен иттерді ұстау

      3. Тіркелген мысықтар мен иттер иелерінің жеке меншігі болып табылады және әр меншік сияқты заңмен қорғалады.
      4. Мысықтар мен иттердің иелеріне төменде көрсетілген шарттарды сақтау қажет:
      1) тіркеу және қайта тіркеуден өткізіп отыру, тұрақты мекен-жайы бойынша ветеринарлық мекемеде, қажетті диагностикалық зерттеулерден, алдын-алу (профилактикалық) егулерден өткізіп отыру. Жаңадан алынған жануарлар тіркелуі тиіс;
      2) мысықтар мен иттерді ветеринарлық-санитарлық норма мен ережелерге сәйкес жағдайларда ұстау. Жануарлар тұратын жайларында залалсыздандыруды жүргізу және басқа да ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды орындау;
      3) өліп қалса немесе жұқпалы ауруға күдік болса, ветеринарлық қызметке хабарлау, ветеринар келгенше ауырған мысықты немесе итті оқшаулау;
      4) туыстық қатынаспен байланыспаған екі және одан да көп отбасы тұратын пәтерлерде, тұрғын үй-жайларда, ортақ пайдаланылатын жерлерде көршілердің медициналық жақпау көрсеткіштері болмаса, олардың келісімі бойынша мысықтар мен иттерді ұстауға болады;
      5) бір отбасы ғана тұратын жеке пәтерлерде санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық, санитарлық нормалар мен осы Ережені сақтаған жағдайда мысықтар мен иттерді ұстауға болады;
      6) иттерді арнайы бөлінген алаңдарда, бос алаңқайларда, адамдар жоқ шет жерлерде қыдыртуға болады.Тұрғын үй жанында иттерді қыдыртқанда тыныштық сақталуы тиіс;
      5. Иелері дүкендер, емханалар, дәріханалар жанында байлап қалдырған мысықтар мен иттерден басқа, қоғамдық жерлерде, көшеде, базарларда, гүл бақтарында иесіз жүрген мысықтар мен иттер қадағалаусыз, қараусыз қалған жануар болып есептеліп, арнайы қызметпен аулауға жатады.
      6. Мысықтар мен иттердің иелері тиісті:
      1) мысықтары мен иттерін тұрғылықты мекені бойынша ветеринарлық мекемеде тіркеу;
      2) алдын-алу (профилактикалық) іс-шаралар жоспары бойынша қажетті диагностикалық зерттеулерден, жыл сайынғы егулерден өткізіп отыруды қамтамасыз ету;
      3) иттерді ұстағанда айналасындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етулері керек. Иттер оқшауланған аумақтарда (байлаулы немесе жақсы қоршалған аула мен учаскелерде, вольерлерде) ұсталуы тиіс. Ит бар екендігі туралы аула мен учаскелердің кіре берісінде сақтандыру жазуы болуы керек;
      4) мысықтар мен иттерді биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстау керек, оларға адамгершілікпен қарап, қараусыз қалдырмай, ауырып қалса, ветеринарлық көмекке жүгіну керек;
      5) мысықтар мен иттерді ұстайтын, қыдыртатын жерлердің тиісті санитарлық жағдайын сақтауға міндетті;
      6) иттерді оқшауланған мекен жайлардан және аумақтардан ортақ аулаға немесе көшеге тек қысқа байлауда және тұмылдырықта шығаруға міндетті;
      7) мысығы немесе иті кісі тістеп алса, тез арада иесі жақын жердегі медициналық және ветеринарлық мекемеге хабарлауға міндетті, мысық немесе ит оқшауланып ветеринар мамандардың бақылауында болулары керек;
      7. Иттерді қыдыртатын жерлерді пәтер иелерінің кооперативтері береді және оларды сәйкес белгімен белгілейді;
      8. Мысықтар мен иттердің иелері тиісті емес:
      1) ветеринарлық мекемелерде тіркелмеген жануарларды ұстауға;
      2) ортақ пайдалынылатын ас үйлерде, дәліздерде, басқыштар алаңында, шатырларда, жертөлелерде және лоджияларда ұстауға;
      3) мысықтар мен иттер басқыштар, спорт алаңдарын және кір жаятын жерлерді, гүл бақтарын, жүргінші жүретін жерлерді, көгал алаңдарын және бақтарды былғауға. Аталған жерлерді былғаса, сол жерлерді иелері тазалап жинаулары керек;
      4) байлаусыз итті қыдыртуға және қоғамдық жерлерге шығуға рұқсат етілмейді;
      5) көл және басқа ашық су айдындарында мысықтар мен иттерді суаруға және шомылдыруға рұқсат етілмейді.

3 Тарау. Осы Ережелерді бұзғаны үшін мысықтар мен иттердің иелерінің жауапкершілігі

      9. Осы Ережені бұзғаны үшін мысықтар мен иттердің иелері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады