Новый Колутон ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 4 шешімі. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қазанда № 1-6-110 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2009 жылдың 24 сәуірдегі Новый Колутон ауылы тұрғындары жиынның хаттамасын ескере отырып, Острогорск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округі әкімінің 27.02.2017 № 1 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Новый Колутон ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшеге Жеңіс атауы;
      № 2 көшеге Достық атауы;
      № 3 көшеге Әл Фараби атындағы атауы;
      № 4 көшеге Дінмұхамед Қонаев атындағы атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Астрахан ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Острогорск ауылдық
округінің әкімі
Т.Кұрман

      КЕЛІСІЛДІ:
      Астрахан ауданының "Мәдениет
және тілдері дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
Л.Аханова
      Астрахан ауданының "Сәулет
және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Н.Герасимова
      Астрахан ауданының "Экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.Жүсіпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады