Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсан № 4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық көмек беру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 4С-15/3 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 наурызда № 1-7-75 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 5С-4/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2012.04.27 № 5С-4/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес және аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық көмек беру ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-7-58 тіркелген, «Бұланды таңы» газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5 санында, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5 санында жарияланған, кейін:
      нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-7-63 тіркелген, «Бұланды таңы» газетінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № т 16 санында, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 16 санында жарияланған, «Бұланды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №4С-6/7 шешімімен бекітілген, Тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі үшін ақы төлеуге тұрмыстық көмек беру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 14 наурыздағы № 4С-7/12 шешімімен өзгерістер енгізілсін) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 2-тармақта «тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі» деген сөздер «жергілікті от жағатын жеке меншік үйлерде жалғыз тұратын зейнеткерлер мен бірінші және екінші топтың мүгедектеріне (бұдан әрі – мақсатты топ) тұрғын үй-коммуналдық қызмет пен байланыс қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 2-тарауда атауы жаңа редакцияда жазылсын:
      «2. Тұрмыстық көмек беру тәртібі»;
      3) 11-тармақ мына мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) бірінші, екінші топтың мүгедектері мүгедектігі туралы анықтама ұсынуға тиіс.»;
      4) мына мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:
      «5. Жергілікті от жағатын жеке меншік үйде тұратын мақсатты топтағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрмыстық көмек беру тәртібі
      30. Мақсатты топтағы отбасыларға тұрмыстық көмекті есептегенде әлеуметтік тұрғын үй нормаларына сәйкес 1 шаршы метрге 49,75 килограмм қатты отын шығыны ескерілсін.
      31. Көмірдің құнын есептеу үшін аудандық статистика бөлімі ұсынған тұрмыстық көмек есептелетін тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдайға аудан бойынша орташа баға пайдаланылсын (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан)».
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Шешім аудандық газетте ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 15- сессияның
      төрағасы                          Ш.Құсайынов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                             П.Веселов

      КЕЛІСІЛДІ

      Бұланды ауданының
       әкімі                            Е.Нұғыманов

      Аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
      бастығы                      К. Есмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады