"Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы" Бұланды аудандық мәслихатының 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 3С-24/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 4С-16/6 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 мамырда № 1-7-79 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 5С-12/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 5С-12/11 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы» Бұланды аудандық  мәслихатының 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 3С-24/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-7-18 тіркелген, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 2 санында жарияланған, кейін: нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-7-27 тіркелген, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 15 санында, 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 17 санында жарияланған, «Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы» 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 3С-24/2 шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 24 наурыздағы № 3С-28/7 шешімімен;
      нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-7-33 тіркелген, «Вести Бұланды жаршысы» газетінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 27 санында жарияланған,
      «Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы» 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 3С-24/2 шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 21 маусымдағы № 3С-31/3 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспеде «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 369-бабы 2-тармағына372-бабына, 373-бабының 2-тармағына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы» Заңына (Салық кодексі)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Шешім аудандық газетте ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 16-сессияның
      төрайымы                                   Қ.Тәшімова

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    П.Веселов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бұланды ауданының
      әкімі                                      Е.Нұғыманов

      «Бұланды ауданы бойынша
      салық басқармасы» ММ-нің
      бастығы                                    О.Әбілдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады