Бұланды ауданының аумағында қызмет атқаратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық мөлшерлемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 4С-16/4 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 мамырда № 1-7-81 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 6С-10/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 19.04.2017 № 6С-10/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес, Бұланды ауданының аумағында қызмет атқаратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салық мөлшерлемесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

      3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      4. Шешім аудандық газетте ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 16-сессияның
төрайымы
Қ.Тәшімова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
П.Веселов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бұланды ауданының
әкімі
Е.Нұғыманов
      "Бұланды ауданы бойынша
салық басқармасы" ММ
бастығы
О.Әбілдин

  Бұланды
аудандық мәслихатының
2009 жылғы 9 сәуірдегі
№ 4С-16/4 шешіміне
қосымша

Бұланды ауданының аумағында қызмет атқаратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салық мөлшерлемесі

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салық мөлшерлемесінің базалық мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

12

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

18

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

4

4.

Ойын жолы

83

5.

Карт

12

6.

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады