РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 4С-16/4 "Бұланды ауданының аумағында қызмет атқаратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық мөлшерлемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-81 болып тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда "Бұланды таңы" газетінде және 2009 жылғы 22 мамырда "Вести Бұланды жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс 10 – сессияның төрағасы |
А.Есентұров |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ш.Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды ауданының әкімі | Қ.Испергенов |
19 сәуір 2017 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша мемлекеттік Кірістер департаментінің Бұланды ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы РММ – нің басшысы |
И.Рзаев |
19 сәуір 2017 жыл