Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2010.04.09 № 4С-27/9 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бұланды аудандық мәслихатының келесі шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) «2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Бұланды аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 4С-14/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 4С-16/3 шешімге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-77 тіркелген, 2009 жылғы 24 сәуірдегі «Бұланды таңы» және «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған):
кіріспеде «аймақтық» деген сөз алынып тасталсын;
1-тармақта:
бірінші абзацта:
«аймақтық» деген сөз алынып тасталсын;
жиырма тоғызыншы абзацта:
«аймақтық» деген сөз алынып тасталсын;
2) «2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Бұланды аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 4С-14/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 4С-17/1 шешімге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-7-78 тіркелген, 2009 жылғы 15 мамырдағы «Бұланды таңы» және «Вести Бұланды жаршысы» газеттерінде жарияланған):
мемлекеттік тілде 1-тармақта:
жиырма тоғызыншы абзацта:
«жолдармен» деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, қаржы, табиғи ресурстарды пайдалану, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезекті 19-сессияның
төрағасы Қ.Шәріпов
Аудандық мәслихат
хатшысы П.Веселов
КЕЛІСІЛДІ:
Бұланды ауданы
әкімінің
міндетін атқарушы О.Смағұлов
Бұланды ауданының
«Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы К.Самойлова