Партизанка селосының көшелерін қайта атау және Ортақшыл селосының көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы Амангелді ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 16 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 желтоқсанда № 1-7-97 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып Амангелді ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Партизанка селосының көшелері қайта аталсын:
      Целинная көшесін - Абай атындағы көшесіне;
      Нефедова көшесін - Мәншүк Мәметова атындағы көшесіне;
      Набережная көшесін - Кенесары атындағы көшесіне;
      Советская көшесін - Мұхтар Әуезов атындағы көшесіне.
      2. Ортақшыл селосының көшесіне атау берілсін:
      № 1 көшеге - Бейбітшілік атауы.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауылдық
      округінің әкімі                            Д.К.Утеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бұланды ауданының
      «Мәдениет және
      тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    С.Е.Аймағамбетова

      Бұланды ауданының
      «Сәулет және қала
      құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Р.Қ.Әбділдина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады