Боярка селосының, Елтай ауылының, Жаңаталап селосының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы Даниловка селолық округі әкімінің 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 3 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 31 желтоқсанда № 1-7-99 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып Даниловка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Боярка селосының, Елтай ауылының, Жаңаталап селосының көшелеріне атаулар берілсін.
      Боярка селосында:
      № 1 көшеге - Приозерная атауы;
      № 2 көшеге - Школьная атауы.
      Елтай ауылында:
      № 1 көшеге - Ұялы атауы;
      № 2 көшеге - Бөгенбай атындағы атауы.
      Жаңаталап селосында:
      № 1 көшеге - Ақ қайын атауы;
      № 2 көшеге - Ақ бұлақ атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Данилов селолық
      округінің әкімі                            Ғ.Қ.Шәрімов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Бұланды ауданының «Мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы           С.Е.Аймағамбетова

      Бұланды ауданының «Сәулет
      және қала құрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Р.Қ.Әбділдина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады