Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 27.02.2013 № 5С12-4 шешімімен.
2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына және 2006 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 817 Қаулысымен бекітілген, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу Ережелердің 4 тармағына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 28 маусымдағы № С30-11 «Егіндікөл ауданы бойынша бір жолғы талон бағаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-8-40 тіркелген, аудандық апталық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде 2006 жылдың 6 шілдеде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістерді енгізу:
қосымшада «8. Жеке жеңіл және жүк көліктері иелерінің Жолаушылар 20 % Жүк тасу қызметтері 50 %» тармағын шығару.
2. Осы шешім Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессияның төрағасы: И.Маас
Аудандық мәслихаттың
хатшысы: Р.Муллаянов
КЕЛІСІЛДІ:
Егіндікөл ауданының әкімі Б.Сұлтанов
КЕЛІСІЛДІ:
Егіндікөл ауданы бойынша
салық басқармасының бастығы С.Чепижко