2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаттары есебіне ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандарының лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкалары қала жағдайларындағы осындай қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың еңбекақылары мен ставкаларын салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары арттыруға құқығы бар мамандардың тізбесісін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № А-6/166 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 шілдеде № 1-9-123 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № А-1/36 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2010.01.15 № А-1/36 қаулысымен.

      Ескерту. Атауы жаңы редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2009.07.24 № а-8/208 Қаулысымен
      Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18-бабына сәйкес, «2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаттары есебіне еңбекақылары мен тарифтік ставкалары жиырма бес пайыздан кем емес арттырылуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандарының, Ерейментау қаласындағы осы қызметтің түрлерімен айналысатын мамандардың еңбекақыларымен және ставкаларымен салыстыру бойынша лауазымдардың тізбесін келісу туралы» Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 4С-12/2-08 шешімінің негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаттары есебіне еңбекақылары мен тарифтік ставкалары жиырма бес пайыздан кем емес арттырылуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандарының қала жағдайларындағы осы қызметтің түрлерімен айналысатын, мамандардың еңбекақыларымен және ставкаларымен салыстыру бойынша лауазымдардың тізбесі, қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Қ. Көшкінбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2009 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2009.07.24 № а-8/208 Қаулысымен

      Аудан әкімі                                Н.Ә.Ережепов

Ерейментау ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 2 маусымдағы № а-6/166 қаулысына
қосымша

2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаттары есебіне еңбекақылары мен тарифтік ставкалары жиырма бес пайыздан кем емес арттырылуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандарының қала жағдайларындағы осы қызметтің түрлерімен айналысатын, мамандардың еңбекақыларымен және ставкаларымен салыстыру бойынша лауазымдардың
ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) Күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.
      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) Клуб меңгерушісі;
      2) Сүйемелдеуші;
      3) Үйірме жетекшесі;
      4) Кітапханашы.
      3. Дене тәрбиесі және спорт мамандарының лауазымдары:
      1) Әдіскер.
      4. Білім мамандарының лауазымдары:
      1) Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың басшысы мен орынбасары;
      2) Барлық мамандардың мұғалімдері;
      3) Кітапханашы;
      4) Бастаушы;
      5) Педагог – психолог;
      6) Мейірбике;
      7) Тәрбиелеуші;
      8) Тәрбиелеушінің көмекшісі;
      9) Музыкалық басшы;
      10) Оқытушы;
      11) Әдіскер;
      12) Алып тасталды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2009.07.24 № а-8/208 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады