2010 жылға арналған аудан бюджетінің қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорттың лауазымдық мамандарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № А-1/36 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 ақпандағы № 1-9-146 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № а-3/73 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011.03.04 № а-3/73 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, «2010 жылға арналған аудан бюджетінің қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорттың лауазымдық мамандарының тізбесін келісу туралы» Ерейментау аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 4С-22/2-09 шешімінің негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға арналған аудан бюджетінің қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорттың лауазымдық мамандарының тізбесі анықталсын.
      2. «2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаттары есебіне ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандарының лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкалары қала жағдайларындағы осындай қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың еңбекақылары мен ставкаларын салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары арттыруға құқығы бар мамандардың тізбесін анықтау туралы» Ерейментау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 02 маусымындағы № а-6/166 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-9-123 тіркелген, 2009 жылғы 11 шілдесінде «Ереймен» аудандық газетінде және 2009 жылғы 11 шілдесінде «Ерейментау» аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Көшкінбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      5. Осы қаулы Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданы
      әкімінің м.а.                              А.А.Манадыров

Ерейментау ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 15 каңтардағы
№ а-1/36 қаулысына
қосымша

2010 жылға арналған аудан бюджетінің қаражаттарынан лауазымдық еңбекақылары мен тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорттың лауазымдық мамандарының
ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) Күту бойынша әлеуметтік қызметкер.
      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) Клуб меңгерушісі;
      2) Аккомпаниатор;
      3) Үйірме басшысы;
      4) Кітапханашы.
      5) Әдіскер
      3. Дене тәрбиесі және спорт мамандарының лауазымдары:
      1) Әдіскер
      4. Білім мамандарының лауазымдары:
      1) Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың басшысы мен басшысының орынбасары;
      2) Барлық мамандардың мұғалімдері;
      3) Кітапханашы;
      4) Үйретуші;
      5) Педагог – психолог;
      6) Мейірбике;
      7) Тәрбиелеуші;
      8) Тәрбиелеушінің көмекшісі;
      9) Музыка жетекшісі;
      10) Оқытушы;
      11) Әдіскер;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады