2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № А-13/356 қаулысы. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 ақпанда № 1-9-142 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № а-2/57 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2011.02.21 № а-2/57 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуіріндегі Заңының 31 бабының 1 тармағына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыздық көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Ерейментау ауданы әкімдігінің «Ерейментау ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2009 жылғы 6 наурызындағы № а-3/53 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-9-115 тіркелген, 2009 жылдың 11 сәуірінде «Ереймен» аудандық газетінде және 2009 жылдың 11 сәуірінде «Ерейментау» аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.К.Кушкунбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н.Ережепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады