Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып Олжабай батыр атындағы селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Олжабай батыр ауылындағы Советская көшесі Қайролла Жакудин атындағы көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Олжабай батыр атындағы
селолық округі әкімі Б.И.Шапин
КЕЛІСІЛДІ:
«Ерейментау ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б.Әдірешев