Ерейментау ауданы Төменгі Торғай, Қарағайлы, Жаңажол селоларының көшелеріне атаулар беру және Торғай, Балықты селоларының көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Торғай селолық округі әкімінің 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 5 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 желтоқсанда № 1-9-136 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Торғай селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Төменгі Торғай селосының көшесіне атау берілсін:
      № 1 көшеге Достық атауы берілсін.
      2. Қарағайлы селосының көшесіне атау берілсін:
      № 1 көшеге Қарағайлы атауы берілсін.
      3. Жаңажол селосының көшелеріне атаулар берілсін:
      № 1 көшеге Жеңіс атауы берілсін;
      № 2 көшеге Тәуелсіздік атауы берілсін;
      № 3 көшесі Мұқанов Тайшық атындағы атауы берілсін.
      4. Торғай селосындағы көшелердің атаулары өзгертілсін:
      Насосная көшесі Ақбұлақ көшесіне;
      Дома Автобазы көшесі Бейбітшілік көшесіне;
      Совхозная көшесі Әлжанов Қапез атындағы көшесіне;
      Советская көшесі Жәнібеков Құрмаш атындағы көшесіне;
      Клубная көшесі Мәдениет көшесіне;
      Кооперативная көшесі Әділет көшесіне;
      Құрылыс-монтаж поезды көшесі Теміржолшылар көшесіне;
      Малый и Большой Копай көшесі Дөненкөл көшесіне.
      5. Балықты селосындағы көшелердің атаулары өзгертілсін:
      Целинная көшесі Тың игерушілер көшесіне;
      Центральная көшесі Орталық көшесіне;
      Северная және Приозерная көшелерін бірлестік жолымен Ынтымақ көшесіне.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      7. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Торғай селолық
      округінің әкімі                            М.Т.Бекмагамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ерейментау ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            М.Б.Әдірешов

      «Ерейментау ауданының сәулет
      және қалақұрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Н.К.Батенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады