Ерейментау ауданы Бозтал ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Бозтал ауылы әкімінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 5 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қарашада № 1-9-131 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Бозтал ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бозтал ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      № 1 көшеге Бауыржан Момышұлы атауы берілсін,
      № 2 көшеге Тәуелсіздік атауы берілсін,
      № 3 көшеге Ардагерлер атауы берілсін,
      № 4 көшеге Достық атауы берілсін,
      № 5 көшеге Ынталы атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауға өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бозтал ауылының
      әкімі                                      С.Н.Акпанова

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ерейментау ауданының
      мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    М.Б.Әдірешев

      «Ерейментау ауданының сәулет
      және қалақұрылысы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Н.К.Батенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады