Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 15 қазандағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы" № С 3/3 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 маусымдағы № С-16/4 шешімі. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 маусымда № 1-10-89 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2010 жылғы 2 шілдедегі № С24/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2010.07.02 № С24/5 (қолданысқа енгізу тәртібін  5-тармақтан қараңыз) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 11 бабының 21-1 тармағына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 15 қазандағы «Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» № С- 3/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-66 тіркеліп, 2007 жылғы 30 қарашада аудандық «Жаңа дәуір», 2007 жылғы 1 желтоқсанда аудандық «Сельская Новь» газеттерінде жарияланған) келесідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету Ережелерінде:
      Кіріспе келесі редакцияда баяндалсын:
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 21-1 тармағына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56 бабына сәйкес.
      4 тармақта:
      үшінші абзац жаңа редакцияда баяндалсын:
      «жетім балаларға-барлық жоғары, арнайы орта оқу орындарында оқығаны үшін және ауданға қажет мамандықтар бойынша медициналық оқу орындары мен интернатураларда оқитын соңғы курстардың студенттеріне оқу ақысына төлеген шығындарының орнын толтыру»;
      төртінші абзацта «туберкулезбен ауыратын» сөздерден кейін «мүгедектік тобы жоқ» деген сөздер алып тасталсын;
      жетінші абзац келесі мазмұнда толықтырылсын:
      «концлагер тұтқындарына айсайынғы коммуналдық қызметтің әлеуметтік төлемі»;
      16 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Жетім балаларға барлық жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқығаны үшін және ауданға қажет мамандықтар бойынша медициналық оқу орындары мен интернатураларда оқитын соңғы курстардың студенттеріне оқу ақысына төлеген шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек мөлшері оқу орны белгілеген оқудың жылдық мөлшерінде белгіленеді;
      концлагер тұтқындарына әр айдағы коммуналдық қызметтің әлеуметтік көмек төлемі бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін;
      аудан мекемелеріне қызметке орналасқан оқу мекемелерін аяқтаған мамандарға – бюджеттік комиссияда алдағы жылға бекітілген сомаға сәйкес».
      2.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық маслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3.Осы шешім Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне еніп, ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       И.Усанин

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    М.Исажанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының әкімі                Т.Хамитов

      Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының
      «Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Т.Әбуова

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының
      «Қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            А.Бекенова

      Ақмола облысы
      Еңбекшілдер ауданының «Экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Р.Нұрғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады